Аңдатпа

Қазақстанда 8 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан
Виды города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 8-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

8 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10-00 - Парламент сенатының отырысы. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. 

16.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде "Карантин кезіндегі ораза" тақырыбында онлайн-брифинг. Спикерлер: Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары,  наиб мүфти Ершат қажы Оңғар. Брифингті онлайн көруге арналған сілтемелер: youtube.com, facebook.com.

19.00 – Big Stand Up Show. ТНТ арнасындағы Stand Up, ашық микрофон, Salem Stand Up секілді ТВ және интернет-жобаларда өнер көрсетіп жүрген сықақшылар қатысады. Олар: Әсет Уваев, Алексей Луговский, Ғалым Қалиақбаров, Айна Мусина, Жамбыл Күлдеев, Зарина мен Мадина Байболовалар (Е-10 көшесі, 17Г, Hell and Heaven бары).

АЛМАТЫ

14.00 – Adal nietpen әлеуметтік жобасының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы. Жобаның негізгі мақсаты – 21 жасқа толмаған тұлғаларға құрамында никотин бар өнімдері сатудың алдын алу бойынша бөлшек сауда жүргізетін дүкендердегі сатушылардың жауапкершілігін арттыру. Спикерлер: Қазақстан сауда кәсіпорындары ассоциациясының президенті Жібек Әжібаева,  Қазақстан сауда кәсіпорындары ассоциациясының атқарушы директоры Ермек Рахметов, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Қаратал аудандық филиалының "Бастау бизнес" жобасын сүйемелдеу жөніндегі консультанты Тасболатов Ельдар Хамитұлы және тағы басқалар. Шараға қатысу үшін журналистер шақырылады (8 адамнан аспау жөнінде карантин шектеуі бар. Алдын ала аккредитация арқылы кіруге рұқсат беріледі). Аккредитация жөнінде мына телефонға хабарласу керек: 8 701 749 02 00, Әсел Берімжарова (Самал-2 шағын ауданы, 58 үй, "СӘТТI" АЖК , бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады).

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы Кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

БАЙҚОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0