Аңдатпа

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылдау басталды 

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беруші азамат құжаттарды egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде тапсырады

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың ІІ тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында өтініш берушімен тікелей байланысты болдырмау және топталып жиналмау үшін құжаттар электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде қабылданады. Өтініш беруші азамат құжаттарды egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде тапсырады. Осы мақсатта Жұмыспен қамту орталығының төрт ауданы (Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқаңыр) мамандары Zoom платформасында құжаттарды тапсыру барысын түсіндіріп, видеонұсқаулық ұсынып отыр.

Видеонұсқаулықты мына сілтемеден көруге болады.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алғандардың басы дауға қалды 

Құжат 1-30 сәуір аралығында қабылданады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3700 аса отбасыға АӘК тағайындалды.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен әрбір отбасы мүшесіне тоқсан сайын тағайындалатын ақшалай төлем.

Жаңалықтар
0