Аңдатпа

Қазақстанда 1 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана, лужи
Виды Нур-Султана, лужи - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 1-3 сәуір аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

1 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 - Парламент сенатының жалпы отырысы. Отырыс онлайн режимінде www.parlam.kz сайтында көрсетіледі

16.30 - Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуы туралы ОКҚ брифингі. Спикерлер: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрияны дамыту комитетінің төрағасы Марат Қарабаев, ИИДМ өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Лаура Садықова. Трансляцияға сілтемелер: https://www.youtube.com/user/ortcomkz  https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

Нұр-Сұлтан

13.00 – "Ұр тоқпақ" қойылымы ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

14.00 –  "Еще раз о Русалочке" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

2 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Жібек" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Волшебная флейта" спектаклі. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

20.00 – "Чудо" спектаклі (BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

3 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

17.00 - Ресей ғылым және мәдениет орталығында (Кенесары көшесі, 39) Қазақстанға Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естеліктерді сақтау бойынша іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында келетін Ресей Федерациясының Ямало-Ненецк автономиялық округінің делегациясымен кездесу өтеді. Ямало-Ненецк автономиялық округінің іздеушілері Қызыл әскердің екі сарбазы бейнеленген соғыс уақытындағы фотосуретті тапты, онда "Жауынгер достар – ненец Иван Яптик және қазақ Мұхтар Кайшатаев Қазақстаннан келген хатты оқып жатыр" деп жазылған. Екі сарбаздың да 1945 жылы қаза болғаны анықталды, бірақ бұған дейін Иван Яптик майдандасына соғыстан кейін Қазақстанға келемін деп уәде берген. Қазіргі кезде аталарының уәдесін орындау мақсатында Қазақстанда кездесуге дайын қарулас достардың немерелері табылды.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0