03:35 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
80 0 0

Sputnik Қазақстан 30-31 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

30 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде көктемгі дала жұмыстарының барысы мен 2021-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.

10:00 – Сенатта парламенттік тыңдау өтеді. "Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі" тақырыбына арналған парламенттік тыңдау палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

14:30 – "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ алаңында "Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту туралы мәселесі" жөнінде баспасөз конференциясы. Спикер ретінде: энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов; электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев және Қазақстандық энергетиктер кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас қатысады. Шараны мына сілтемеге өту арқылы тікелей эфирден көруге болады. https://www.youtube.com/user/ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам көбелек" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера", Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Өмір" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

31 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Братья Гримм" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Өмір" қойылымы ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып