Аңдатпа

Қазақстанда 22 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана қаласы
Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 22-23 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

22 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Наурыз жайлы аңыз" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

15.00 – "Қош келдің, Наурыз! " концерті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар. ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – "Қыз Жібек" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Stand Up" мерекелік концерті. Шоудан кейін Stand Up TНT, Salem Stand Up және TНT-дағы ашық микрофон қатысушыларына мекеменің  сыйлықтар ұтысы ойнатылады және DJ OTTO өнер көрсетеді. (Сәтбаев көшесі, 13/1, The Beer Yard Pub).

Алматы музейінің Instagram парақшасында (@almatymuseums) "Топжарған" этнографиялық өнер орталығымен бірге "Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке" атты қазақ қолданбалы өнерінің этнографиялық онлайн көрмесін тамашалауға болады.

Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейінің парақшасында (@tlendiyev_museum) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші С.Медеуовтің қатысуымен "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз" атты концерттік бағдарлама қойылады.

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің инстаграмында (@muzey_s.g.m) Б.Жақып, Қ.Қайранбаев, А.Қайырбеков сияқты танымал ақындардың қатысуымен "Наурыз – думан" атты әдеби поэтикалық кешті көруге болады. Олардың орындауында көктемгі Наурыз мейрамы туралы шығармаларды тыңдауға мүмкіндік бар. Мұнда сонымен бірге "Жыл басы" музей кешенінің архивіндегі қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбит Мұқановтың Наурыз мейрамы туралы 1925 жылы 22 наурызда "Еңбекші қазақ" газетінде жарияланған мұрағаттық мақаласымен таныса аласыз.

23 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Наурыз жайлы аңыз" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

18.00 – "Қыз Жібек" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Іздеп таптым сені" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0