Аңдатпа

Қазақстанда 21 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© REUTERS / Шамиль ЖуматовВиды Алматы, женщина кормит голубей
Виды Алматы, женщина кормит голубей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 21 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

22 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы музейінің Instagram парақшасында (@almatymuseums) "Топжарған" этнографиялық өнер орталығымен бірге "Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке" атты қазақ қолданбалы өнерінің этнографиялық онлайн көрмесін тамашалауға болады.

Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейінің парақшасында (@tlendiyev_museum) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші С.Медеуовтің қатысуымен "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз" атты концерттік бағдарлама қойылады.

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің инстаграмында (@muzey_s.g.m) Б.Жақып, Қ.Қайранбаев, А.Қайырбеков сияқты танымал ақындардың қатысуымен "Наурыз – думан" атты әдеби поэтикалық кешті көруге болады. Олардың орындауында көктемгі Наурыз мейрамы туралы шығармаларды тыңдауға мүмкіндік бар. Мұнда сонымен бірге "Жыл басы" музей кешенінің архивіндегі қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбит Мұқановтың Наурыз мейрамы туралы 1925 жылы 22 наурызда "Еңбекші қазақ" газетінде жарияланған мұрағаттық мақаласымен таныса аласыз.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0