Аңдатпа

Қазақстанда 17 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, виды города
Алматы, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 17 – 20 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

17 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10-00 - мәжілістің жалпы отырысы. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Қосымша ақпаратты баспасөз қызметкерлерінен 74-63-01, 74-63-02 телефондары арқылы анықтауға болады.

12:30 - Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтеді. Тақырыбы - мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, ұлттық даму жоспары, жалпыұлттық басымдықтар және мемлекеттік басқарудың концепциясы. Спикерлер: ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров, стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің институционалдық реформалар департаментінің директоры Нұржан Қосбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00 – Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен "Абай" кітап-альбомының тұсаукесері өтеді. Іс-шараға абайтанушылар, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысады. Альбом халықаралық ұйымның тапсырысымен Түркияда ағылшын тілінде жарық көрді. Шараға тіркелу үшін 16 наурыз сағат 20.00-ге дейін 8 702 36 36 005 (Ләйлә) нөміріне хабарласу керек.

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтеді. Спикерлер: ҚР денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов, денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков, "СК-Фармация" ЖШС басқарушы директоры Гүлнар Омарова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz. 

19.00 – "Ауыл хикаялары" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік Ел көшесі, 55/2, В2-3).

АЛМАТЫ

18.30 – "Бір түп алма ағашы" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент сенатының отырысы. Күн тәртібінде сенаторлар "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көлік құралдарын ұрлаумен күрестегі және олардың қайтарылуын қамтамасыз ететін ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарайды. Сондай-ақ, "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатының принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланады. Отырыс онлайн режимде көрсетіледі және қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 47 72 27 нөміріне хабарласуға болады.

12.00 – "Достық пен қулық" спектаклі ("Жастар" театры, Ілияс Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Путешествия в обратно" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Ауыл хикаялары" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2, В2-3).

АЛМАТЫ

16.00 – "Маска" музыкалық шоуының тұсаукесеріне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: "Хабар" телеарнасының директоры Динара Бисембина және вокалдық байқаудың қазылар алқасының мүшелері - Ерке Есмахан, Мейіржан Төребаев, Жанар Айжанова, Марат Оралғазин.

Айта кетсек, 21 наурыз сағат 19:15-те "Хабар" телеарнасында әлемнің 50-ден астам елінде танымал болған "Маска" музыкалық шоуының тұсаукесері өтеді.

Баспасөз мәслихаты "Атакент" көрме орталығында (Тимирязев көшесі 42,10 павильон) өтеді. Аккредитация бойынша +7 701 946 66 66; +7 705 310 86 83 нөміріне немесе promo@khabar.kz поштасына хат жолдау қажет.  

18.30 – "Құлагер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Қыз Жібек" спектаклі (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

20 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – Көктемгі күн мен түннің теңелуі қарсаңында "Астана Балет" театрында "Ұлттық хореография кеші" өтеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің мерекесіне орайластырылған шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Кеш бағдарламасында театрдың визит картасы – "Ұлы Дала мұрасы" концерттік бағдарламасы болады. Көрермендер назарына хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республикадағы қазақ билерінің жетекші режиссерларының бірі Айгүл Татидің жұмысы ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0