Аңдатпа

Қазақстанда 26 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 26-27 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

26 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Сенатта "Қазақстан Республикасының өнеркәсібін заңнамалық реттеу саясаты: жағдайы мен мәселелері және оның шешімдері" тақырыбында үкімет сағаты өтеді. Депутаттар алдында елдің индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов сөз сөйлейді. Онлайн-трансляция сенатының ресми сайтында көрсетіледі.

15:00 – "Атамекен" ҰКП-ның Facebook желісіндегі ресми парақшасында жеке білім беру жүйесіндегі өзгерістер талқыланады. Күн тәртібінде білім беру мекемелерін аттестациялау мәселесі қаралады. Талқылауға қатысушылар: Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова; "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев; Нұр-Сұлтан қаласы білім беру департаменті жетекшісінің м.а Дулат Шоғанбай; мәжіліс депутаты Ирина Смирнова және "Бірлік" жеке білім беру секторы қауымдастықтары консорциумының өкілдері қатысады.

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Мяу, Гав және Чик-Чирик" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "Үрмелі аспаптармен саяхат" концерті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – "COVID-19" би-спектаклінің премьерасы ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

Алматы

11.00 – "Снегурушка" спектаклінің премьерасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

11.00 – "Әріптер әлеміне саяхат" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

12.00 – "Мүгедектерге арналған тәуелсіз өмір мектебі" жобасын бастауға арналған "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" ҚБ-нің баспасөз конференциясы. Шара Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің қолдауымен өтеді. Тіркелу үшін: 8 701 749 02 00 Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 ғимарат, "Сәтті" АЖК, бірінші кіреберіс, 2 қабат. Мына сілтемеде тікелей эфирден көрсетіледі).

14.00 – Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні мен орфандық аурулармен ауыратын қазақстандық науқастар мәселесіне арналған баспасөз конференциясы. Шара аясында – "Орфандық аурулары бар науқастарға көмек көрсету қауымдастығы" жаңа ұйымының тұсаукесері өтеді. Тіркелу үшін: 8 701 749 02 00 Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 ғимарат, "Сәтті" АЖК, бірінші кіреберіс, 2 қабат. Мына сілтемеде тікелей эфирден көрсетіледі).

18.00 – "Ars Amandi. Искусство любви" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.00 – "Эти свободные бабочки" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

18.30 – "Келіндер көтерілісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Дикарь. Третье слово" спектаклі (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Музыка. Живопись. Импрессионизм" спектаклі (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

19.30 – "Карнавал" спектаклі ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Я выбираю боль" ойыны (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

27 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "12 месяцев" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

17.00 – "Астана Балеттегі" бір актілі балет кеші. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

18.00 – "Евгений Онегин" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера", Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – "Легенда о любви" спектаклі ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

19.00 – "Ауыл хикаялары" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік Ел көшесі, 55/2, В2-3).

Алматы

10.30 – "Три поросенка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

11.00 – "Сиқырлы терезе" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

12.00 – "Солнечная сказка" пьесасы ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

14.00 – "Посылка с..." спектаклі (THE.IMPRO арт-кеңістігі, Керемет шағын ауданы 7, 40 ғимарат).

16.00 – "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

17.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

18.00 – "Смешанные чуства" спектаклі (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

18.00 – "Пробуждение Весны" спектаклі (Республикалық неміс драма театры, Папанин көшесі, 70/1).

18.00 – "Лавина" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

18.00 – "Примадонны" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.00 – "Боинг-Боинг" спектаклі (Ермашов атындағы әуесқой театр, Щепкин көшесі, 35).

18.30 – "Таңсулу" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

20.00 – "Чудо" спектаклі (ART-BUNKER кеңістігі, Досмұхамедов көшесі, 78а).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0