Аңдатпа

Қазақстанда 24 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : Instagram orelireshka_officialЗимние виды Алматы от программы "Орел и Решка"
Зимние виды Алматы от программы Орел и Решка - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 24-25 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

24 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10:00 - Мәжіліс отырысы өтеді. Мәжілістің жалпы отырысы www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Жалпы отырыстың күн тәртібінде сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізу, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске уран өндіру мәселесіне өзгеріс енгізу сынды заң жобалары қаралады. Отырыс аяқталысымен бейнежазба, қорытынды ақпараттар мен суреттер мәжіліс сайтында жүктеледі. Байланыс телефондары: 74-63-01, 74-63-02.

12.30 - "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу бөлігінде түзетулер" тақырыбындағы баспасөз конференциясы өтеді. Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз мәслихаты болады. Спикерлер: вице-министр, ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов, ҚР ДСМ СЭБ комитетінің басқарма жетекшісі Нұршай Әзімбаева, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығының үйлестірушісі Сәуле Бүркітбаева.

НҰР-СҰЛТАН

15.00 - "Әдеп және парасат" атты дөңгелек үстел өтеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "Әдеп" жобалық кеңсесі мен Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлесіп ұйымдастырып отыр. Дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына енгізілген өзгерістерді жариялау, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда парасататтылық, адалдық, сенім құндылықтарын барынша насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресуде тәжірибе алмасу болып табылады. Өтетін орны: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Отырар кітапханасы.

15.00 - Әлеуметтік кәсіпкер, Green Tal әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Аскеровпен кездесу өтеді. Шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің 25 жылдығына арналады. Өтетін орны: Сатбаев көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты, 303 дәрісхана)

АЛМАТЫ

12.00 –  "Бременские музыканты" музыкалық қойылымы (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22). 

18.30 – "Баянсыз бақ" қойылымы (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Тимур Урманчеев и Forte Trio" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35). 

19.00 – "Вечер инструментальной музыки" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35). 

19.00 – "Теория нитки. Звериные истории" спектаклі ( "Жас сахна" театры,  Абай даңғылы, 117).

19.00 – "Кража со взломом" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.30 – "FREE HUGS" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

25 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Қолжетімді Қазақстан" жобасының аяқталуына арналған конференция. Жоба қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған болатын. Конференция zoom-да өтеді (аккредитациядан өткен соң сілтеме жіберіледі). Байланыс үшін: +7(778) 110-53-30 /whatsapp/; e-mail: mbeisenova@gmail.com, Мира Бейсенова.

АЛМАТЫ

17.00 – "Кража со взломом" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.30 – "Енелер мен келіндер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Гамлет" қойылымы (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.00 – Камералық музыка концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).  

19.30 – "Самурай мен Сасай" ересектерге арналған пәлсапалық ертегі (La Boheme театры, 2-ші павильон, Зенков көшесі, 24).    

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0