Аңдатпа

Қазақстанда 18 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал Калиев"Астана Опера" ғимаратының маңы
Астана Опера ғимаратының маңы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18–19 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

18 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10:00 – Сенат отырысы. Күн тәртібіне мынадай мәселелер талқыланады: Мәжіліс мақұлдаған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы (бірінші оқылымда); "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы (бірінші оқылымда) қаралады. Отырыс палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

15.00 – Ұлттық академиялық кітапхананың ғимаратында онлайн режимде премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен мәдениет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс аясында 2020 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2021 жылға арналған негізгі міндеттер анықталады. Жиында мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ вице-министрлер Нұрқиса Дәуешов пен Сәкен Мұсайбеков және Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасайды. Тікелей эфир Youtube-те көрсетіледі. Сұрақтарды 16 ақпан сағат 18: 00-ге дейін mcsgovrk@gmail.com электронды мекен-жайына жіберуге болады.

Нұр-Сұлтан

12.00 – "12 месяцев" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Қыз Жібек" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2, В2-3).

Алматы

18.30 – "Мұғалім" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Я, бабушка, Илико и Илларион" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

19.00 – "Плисецкая" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

19.30 – "Astana Musical" мемлекеттік театры "COVID-19" атты жаңа туындысын ұсынады. Жаңа қойылымның арнайы көрсетілімі "Қазақстан" ОКЗ кіші залында (Мәңгілік ел, 10/1) өтеді. Байланысу үшін: "Қазақконцерт" МКҰ" РМҚК Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік ел 10/1. Телефон: +7 7172 -70-53-31; 8 701-820-97-90. Email: infoqazaqconcert@gmail.com

19 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 – "ЕҚЫҰ Астанадағы саммиті 2010: тарихи маңызы мен өзектілігі" халықаралық онлайн-конференциясы. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы, сыртқы істер министрлігі мен ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесі және Тұңғыш президент кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылады. 

Конференцияға премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Анн Линде, ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмид (бейнеүндеу), мемлекет қайраткері, бұрынғы сыртқы істер министрі және ЕҚЫҰ төрағасы (2010) Қанат Саудабаев, ЕҚЫҰ бас хатшысы (2005-2011) Марк Перрин де Бришамбо, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің ақпарат және талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әділ Тұрсынов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат және басқалар қатысады. Бұқаралық ақпарат құралын тіркеу өтініші 18 ақпанға дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com мекен-жайында қабылданады.

Нұр-Сұлтан

16.00 – "Элвин и жители волшебного леса" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "Өмір" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.00 - Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған "Күй анасы – Дина" концерті (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, Астана концерттік залы, Кенесары көшесі, 32. Байланыс нөмірі: +7 701 870 25 63).

19.00 – "От Глинки до Свиридова – с любовью" концерті. 65 жастан асқан адамдар үшін жас шектеулі. ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – "Легенда о любви" спектаклі ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

Алматы

19.00 – "Гроза" пьесасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Пушкин Live" спектаклі (Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.30 – "Три девицы" пьесасы ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0