Аңдатпа

Қазақстанда 17 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 17–18 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

17 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10-00 – Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Отырыс parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпаратты баспасөз қызметкерлерінен 74-63-01, 74-63-02 телефондар арқылы анықтауға болады.

16.00 – "Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару тәртібі" тақырыбында онлайн брифинг. Іс-шара Webex платформасында өтеді (сілтеме конференция алдында жіберіледі). Техникалық байланыс 17 ақпанда сағат 15.00-ден бастап мүмкін болады. Спикерлер: агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мен бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу. Тіркелу үшін аты-жөніңіз бен БАҚ атауын, телефон нөмірін press@finreg.kz электронды поштасына жіберуге болады. Байланыс телефоны: Зарина Жакупова +7 777 790-01-00, Zarina.Zhakupova@finreg.kz; Ақбота Қалитова +7 702 226-77-88, Akbota.kalitova@finreg.kz).

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Біржан–Сара" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера", Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

Алматы

12.00 – "Сапасыз электронды темекінің 60 000-ға жуық тұтынушысы күн сайын өз қалтасында жарылғыш заттар алып жүреді" тақырыбында баспасөз конференциясы. 2020 жылдың қарашасында сауда министрлігі ұсынған құрамында никотин бар өнімдерге техникалық регламенттер әзірлеу қажеттілігін талқылау үшін мүдделі тараптарды жинады. Сонымен бірге ұлттық техникалық регламентті қабылдау процесі көпшілікке белгісіз себептермен кешеуілдеуде. Спикер: Светлана Романовская – "Қазақстан тұтынушылар лигасы" қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы.

Баспасөз конференциясына қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (кіру алдын-ала аккредиттеу арқылы ғана). Аккредиттеу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: 8 701 749 02 00, Әсел Берімжарова (тікелей эфир сілтемесі – https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

12.00 – "Остров сокровищ" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Миллионерша" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Кармен сюита. Болат Аюхановтың балет кеші" балеті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 – Ұлттық академиялық кітапхананың ғимаратында онлайн режимде премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен мәдениет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс аясында 2020 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2021 жылға арналған негізгі міндеттер анықталады. Жиында мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ вице-министрлер Нұрқиса Дәуешов пен Сәкен Мұсайбеков және Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасайды. Тікелей эфир Youtube-те көрсетіледі. Сұрақтарды 16 ақпан сағат 18: 00-ге дейін mcsgovrk@gmail.com электронды мекен-жайына жіберуге болады.

Нұр-Сұлтан

12.00 – "12 месяцев" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлина көшесі, 10).

19.00 – "Қыз Жібек" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2, В2-3).

Алматы

18.30 – "Мұғалім" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Я, бабушка, Илико и Илларион" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

19.00 – "Плисецкая" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяков көшесі, 35).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0