Аңдатпа

Қазақстанда 11 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 11–12 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

11 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 – Парламент сенатының жалпы отырысы. Күн тәртібіне мәжіліс мақұлдаған "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Кіріспе туралы" заң жобасы және "Кейбір заңнамалық актілерге атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары қаралады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz веб-сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30 – ОКҚ-де "2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жастардың оқуын қолдау жылы" тақырыбында брифинг. Спикерлер: мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрқиса Мұратұлы; педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ұлттық академиялық кітапхананың меңгерушісі Мұналбаева Үмітқан Дәуренбекқызы; жазушы, жыршы, драматург Баянғали Әлімжанов Тақанұлы; Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет; Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Ізмұхамедова Сара Салахатдинқызы. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.00 – Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және халықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы. Басқосу Zооm қызметінің бейнеконференциялар алаңында өтеді. Күн тәртібінде: 2023 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы аула клубтарын дамыту мәселелері талқыланады.

19:00 – Әйгілі қазақ ақыны және жазушысы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Ғашық-жүрек" поэтикалық-музыкалық спектаклінің премьерасы. Өтетін орны: Жас көрермендердің музыкалық театры (Ж.Омарова көшесі, 47Б). Сахна режиссері – театр актері Аман Ғұмаров. Сюжет бойынша қойылым автордың лирикалық поэзиясы негізінде жазылған әдемі әндерден тұрады. Ақын Мұқағали Мақатаевтың бейнесін біздің театрдың актері – Қазбек Есқар, ал ақынның досы Шәмілдің рөлін театрдың актерлері – Ерназар Жаңатілек пен Асқар Жұмабеков сомдайды. Толығырақ: +7 707 955 76 26, +7 702 987 35 94. Электрондық пошта: mtuzpressa@gmail.com, adik_1984@mail.ru.

19.30 – "ЕНТ тапсрмаймын" спектаклі. (Qazaqstan ОКЗ, Мәңгілік ел, 10/1).

Алматы

12.00 – "Волк и семеро козлят" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

17.00 – "Недоросль" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.30 – "Жүрегімің иесі" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Сүйе білсең..." спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Последный экзамен" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

19.00 – "Вечер современной музыки" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқова көшесі, 35).

19.00 – "Романтический саксофон с Ярославом Фридманом" концерті (La Boheme театры, 2-павильон, Зенкова көшесі, 24).

12 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

14.00 – "Ер Түстік" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

16.00 – Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы. Тақырыбы – "Нұр-Сұлтан қаласының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бөлігінің белдеуінде (белдеудің сыртында) үй-жайдан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерін іске асыру туралы". Онлайн режимінде өтетін басқосуды Facebook әлеуметтік желісіндегі (www.facebook.com/maslihat.astana.kz) көруге болады. Байланыс ақпараты: 55-66-35, maslihat_org@mail.ru

19.00 – "Дон Паскуале" пьесасы. 65 жастан асқан адамдарға шектеу бар ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.30 – "Longing" және "Instinct" бір актілі балеттер кеші ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

Алматы

18.30 – "Бір түп алма ағашы" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Жүз жылдық махаббат" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Восемь любящих женщин" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Steppe Sons" заманауи этно-джаз тобының концерті (La Boheme театры, 2-павильон, Зенков көшесі, 24).

19.00 – "Вечер фортепианной музыки. Жанар Сулейманова" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

20.00 – "Взломанный" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0