Аңдатпа

Қазақстанда 23 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 23-28 қаңтар аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

23 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Ішекті аспаптар отбасы" концерті ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

17.00 – "Париж Құдай Анасының соборы" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – "Найзағай" спектаклінің премьерасы (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Қарыз бен Қаспақ" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).  

Алматы

15.00 – Аукциондық сатылым. Муковисцидозы бар балаларға арналған қайырымдылық шарасы. 9-22 қаңтар аралығында өтетін "Время ангелов" IV халықаралық интерьер-қуыршақтар көрмесін Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде (Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1) тамашалауға болады. Байланыс телефоны: +7 771 408 2869). Аукционға қатысу үшін cvkkaz@mail.ru мекен-жайы бойынша онлайн тіркелу керек немесе +7 777 383 5414 қоңырау шалыңыз. Онлайн каталогты мына сілтеме бойынша көруге болады.

10.30 – "Теремок" спектаклінің премьерасы (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.00 – "Миллионер" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.00 – Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Үлкен зал, Қалдаяқова көшесі, 15).

18.30 – "Шағала" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

20.00 – "Plankton, Corp."  спектаклі. (ART-баспана BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).  

28 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) "ЕАЭО ұлттық валюталарының халықаралық есеп айырысудағы рөлін арттыру" тақырыбында талдамалық есебінің тұсаукесері. Онлайн режимдегі шара analytics.eabr.org платформасында өтеді. Спикерлер: Евгений Винокуров – Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас экономисі; Наталья Лаврова – Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының жобалар блогының макроэкономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы. Сұрақтарды алдын-ала pressa@eabr.org электронды мекен-жайына жіберіп, шара аясында қоя аласыз.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0