Аңдатпа

Қазақстанда 22 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевҚала көрінісі
Қала көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 22-23 қаңтар аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

22 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Марат Бекетаевтың төрағалығымен әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы. Жиында департамент өкілдері 2020 жылғы жұмыстарды қорытындылап, 2021 жылға арналған міндеттерді нақтылайды. Спикерлер: әділет министрінің орынбасары Наталья Пан, Алмат Мадалиев, Ақерке Ахметова, Азамат Амиргалиев және аппарат басшысының міндетін атқарушы Асқар Үмбеталиев. Алқа отырысы министрліктің интернет-ресурсында көрсетіледі. Сілтеме: www.gov.kz/memleket/entities/adilet

12.00 – Zoom платформасында әділет министрі Марат Бекетаев пен министр орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін брифинг. Сілтемені алу үшін pressgov@mail.ru немесе 87025215582 (Whatsapp) арқылы аккредитациядан өту керек.

Нұр-Сұлтан

14.00 – "Қайта оралған су перісі" қойылымы (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

Алматы

12.00 – " Приключение снежного барса" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

12.00 – "Три поросенка" пьесасы (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Эти свободные бабочки" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.30 – "Құлагер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Ромео-Джульетта" спектаклі (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

23 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

15.00 – Аукциондық сатылым. Муковисцидозы бар балаларға арналған қайырымдылық шарасы. 9-22 қаңтар аралығында өтетін "Время ангелов" IV халықаралық интерьер-қуыршақтар көрмесін Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде (Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1) тамашалауға болады. Байланыс телефоны: +7 771 408 2869). Аукционға қатысу үшін cvkkaz@mail.ru мекен-жайы бойынша онлайн тіркелу керек немесе +7 777 383 5414 қоңырау шалыңыз. Онлайн каталогты мына сілтеме бойынша көруге боладыі: https://cloud.mail.ru/public/BJHH/xZbsbajuk

28 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) "ЕАЭО ұлттық валюталарының халықаралық есеп айырысудағы рөлін арттыру" тақырыбында талдамалық есебінің тұсаукесері. Онлайн режимдегі шара analytics.eabr.org платформасында өтеді. Спикерлер: Евгений Винокуров – Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас экономисі; Наталья Лаврова – Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының жобалар блогының макроэкономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы. Сұрақтарды алдын-ала pressa@eabr.org электронды мекен-жайына жіберіп, шара аясында қоя аласыз.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0