Аңдатпа

Қазақстанда 20 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 20-23 қаңтар аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

11.00 – Мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан бастамашыл фармацевтері тобының ковидке қарсы дәрі-дәрмектерге шекті бағалар туралы денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 21 қаңтарда қабылдаған шешімінің күшіне енуін талқылау. Дөңгелек үстел "Фармацевтикалық бизнесте жасанды жолмен қиындықтар туындай ма?" тақырыбымен өтеді ("Нұрсәулет-2" іскерлік орталығы, Иманов көшесі, 13, екінші қабат. Байланыс ақпараты: 87059781847, Талғат).

12.30 – ОКҚ-нің баспасөз конференциясы: "Темекі өнімдерін таңбалау. Бизнеске таңбаланған тауарлармен жұмыс істеу үшін не қажет". Спикерлер: қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Бақытгүл Қазақпаева; өнімді таңбалау жобасының жетекшісі Исенов Азат; "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры (тауарларды таңбалау операторы) Бикеш Құрманғалиева; цифрлық технологияларды дамыту орталығының акцизделетін өнімдерін таңбалау жобасының жетекшісі (тауарларды таңбалау операторы) Алмат Исмаилов (тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

19.00 – "Пранк – махаббат" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Тыныштық күзетшісі" спектаклінің премьерасы (NOMAD CITY HALL концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, В2-3).

19.00 – "Братья Гримм" импровизациясы (Горький театры, кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

Алматы

12.00 – "HAQ" OҚҚ "Adil saylau" платформасымен бірлесіп 2021 жылы мәжіліс пен мәслихаттарға сайлаудың өтуін бақылау туралы есебі" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикерлер байқау нәтижелері туралы және олардың Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстары туралы әңгімелейді. Баспасөз конференциясының спикерлері: Тоғжан Қожалиева, Болат Жұматаев, Аягөз Ханетова, Данияр Супиев. Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстандық баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Кіру тек алдын ала аккредиттеу арқылы). Аккредиттеу үшін мына телефонға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (сілтеме арқылы трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub. Самал-2 мөлтек ауданы, 58 ғимарат, "SATTI" АЖК, бірінші кіреберіс, 2 қабат).

12.00 – "Снежная королева" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

12.00 – "Туған күн" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

15.00 – "Маңғыстау облысында бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу қаупі: аймақта ұйымдасқан қылмыстық топ қалай жұмыс істеуі мүмкін" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясына қатысушылар қоғам мен үкіметтің және құқық қорғау органдарының назарын әкімшілік ресурстарды қолдана отырып, елдің батысында 2 жыл ішінде болып жатқан мүлікті тәркілеу мәселелеріне аударады. Рейдерлік тәркілеудің құрбанына айналған "БатысНефтеТрейд" ЖШС болды. Оның иелігінде 13 мың тоннадан астам шикі мұнай мен мұнай өнімдері бар. Ал құны бір миллиард теңгеден асады, ал қазіргі нарықтық құны шамамен 2 миллиард теңгені құрайды. Баспасөз конференциясының қатысушылары: "БатысНефтеТрейд" ЖШС директоры Берік Боранбаев, "ALC Attorneys" заң фирмасының аға серіктесі Әбдіманап Исабаев, "ALC Attorneys" заң фирмасының басқарушы серіктесі Фарид Әлиев. Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстандық баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Кіру тек алдын-ала аккредиттеу арқылы). Аккредиттеу үшін: Әсел Берімжарова, 87017490200 телефонына хабарласыңыз (тікелей эфир сілтемесі: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub. Самал-2 шағын ауданы, 58 ғимарат, "SATTI" AHK, бірінші кіреберіс, 2 қабат).

19.00 – "Жүз жылдық жалғыздық" пьесасы (АРТиШОК театры, Үлкен сахна, Гоголь көшесі, 40).

19.00 – "Ниагарский водопат" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Теория нитки. Звериные истории" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

23 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

15.00 – Аукциондық сатылым. Муковисцидозы бар балаларға арналған қайырымдылық шарасы. 9-22 қаңтар аралығында өтетін "Время ангелов" IV халықаралық интерьер-қуыршақтар көрмесін Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде (Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1) тамашалауға болады. Байланыс телефоны: +7 771 408 2869). Аукционға қатысу үшін cvkkaz@mail.ru мекен-жайы бойынша онлайн тіркелу керек немесе +7 777 383 5414 қоңырау шалыңыз. Онлайн каталогты мына сілтеме бойынша көруге боладыі: https://cloud.mail.ru/public/BJHH/ xZbsbajuk

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0