Аңдатпа

Қазақстанда 19 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 19 – 23 қаңтар аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

19 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11:00 – Қазақстан қор биржасы (KASE, Exchange) қазақстандық биржалық нарықтың қорытындысы мен KASE 2020 жылғы қызметі және 2021 жылға арналған жоспарлары туралы онлайн-конференция өткізеді. Спикер – Алина Алдамберген, KASE басқарма төрағасы.

14.00 – Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында "Шығыс Қазақстанды газдандыру: Ресейден газ тартыла ма?" тақырыбында бейне көпір өтеді. Журналистердің сұрақтарына белгілі ресейлік энергетика маманы Борис Марцинкевич жауап береді. Ал Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында спикер ретінде Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының (KazServise) жоба менеджері Нияз Жұмат сөйлейді. БАҚ өкілдерін 19 қаңтар, сейсенбі, сағат 14.00-де Sputnik Қазақстан сайтында және YouTube парақшамызда көрсетілетін онлайн-кездесуге қатысуға шақырамыз. Сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com немесе +7 7472207401 (WhatsApp) нөміріне жіберуге болады.

14.00 – Онлайн білім беру көрмесі. Шараны Предуралья мен Волго-Вятка өңірінің жетекші 11 университеті ұсынады (тікелей эфир көрсетілімінің сілтемесі: YouTube-каналы мен https://kaz.rs.gov.ru/ru/announcements/35780).

Алматы

12.00 – "Әріптестер әлеміне саяхат" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Дала заңы" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

20 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Пранк – махаббат" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Тыныштық күзетшісі" спектаклінің премьерасы (NOMAD CITY HALL концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, В2-3).

19.00 – "Братья Гримм" импровизациясы (Горький театры, кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

Алматы

12.00 – "Снежная королева" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

12.00 – "Туған күн" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Ниагарский водопат" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Теория нитки. Звериные истории" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

23 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

15.00 – Аукциондық сатылым. Муковисцидозы бар балаларға арналған қайырымдылық шарасы. 9-22 қаңтар аралығында өтетін "Время ангелов" IV халықаралық интерьер-қуыршақтар көрмесін Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде (Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1) тамашалауға болады. Байланыс телефоны: +7 771 408 2869). Аукционға қатысу үшін cvkkaz@mail.ru мекен-жайы бойынша онлайн тіркелу керек немесе +7 777 383 5414 қоңырау шалыңыз. Онлайн каталогты мына сілтеме бойынша көруге боладыі: https://cloud.mail.ru/public/BJHH/ xZbsbajuk

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0