Аңдатпа

Қазақстанда 24 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуПроспект Республики в Астане
Проспект Республики в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 24-28 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

24 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – үкімет отырысы. Отырыстың күн тәртібіне елді мекендерді газдандыру және аймақтардағы экологиялық проблемаларды кешенді шешу бойынша Жол картасын іске асыру мәселелері қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 75 00 10 телефонына немесе үкіметтің баспасөз қызметінің press.kpm@mail.ru электронды мекен-жайына хабарласуға болады.

12.30 – "Қазақстан және ЕАЭО. Экономикалық интеграцияның қазіргі процестері" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикерлер: сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова, ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков, индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Динара Щегелова, қаржы вице-министрі Қанат Баеділов. Тікелей эфирді Facebook пен Youtube каналында көруге болады.

25 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

Nur Otan партиясының XX кезектен тыс съезі өтеді (Аккредитация: +7 702 364 46 51, +7 707 555 36 92 немесе press@nurotan.kz арқылы. Баспасөз орталығы Қонаев көшесі, 4 "Қазмедиа орталығының" 21-қабатында орналасқан.

19.00 – "Тұйғындар" хореографиялық қойылымы, "Наз" халық биі ансамблі (Мәңгілік ел даңғылы, 55/2).

19.00 – "Приношение Бетховену" концерті ("Астана Опера" театры!. 

19.30 – Гала-балет. Дирижер – Арман Оразғалиев ("Астана Опера" театры, Үлкен зал).

Алматы

15.00 – "Уақыт кеңістігіне саяхат" көрмесінің баспасөз туры. Шараны Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі Қазақстандағы Гете институтымен бірлесіп ұйымдастырады ("Көктем-3" шағын ауданы, 22/1).

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0