Аңдатпа

Қазақстанда 21 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуТеатральная сцена, занавес, иллюстративное фото
Театральная сцена, занавес, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 21-25 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

21 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

09.00 – "Жапониядағы білім" онлайн-жәрмеңкесі өтеді. Қазақстан-Жапония адам даму орталығы ұйымдастырған шарада 11 жапониялық университет пен мектеп ұсынылады. Сілтеме арқылы тіркелуге болады.

18.00 – "Астана Опера" театры Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен солистер, хор және симфониялық оркестрдің орындауында әлемдік музыкалық классика жауһары – Джакомо Пуччинидің Messa di Gloria туындысын ұсынады (Қонаева көшесі, 1).

Алматы

"Қара" қойылымының премьерасы, режиссері Жұлдызбек Жұманбай. Қойылым Абайдың "Қара сөздеріне" негізделген (Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай даңғылы, 103).

23 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - Мал ұрлығымен күрес тақырыбындағы онлайн-брифинг өтеді.  Жиынға ІІМ криминалды полиция департаментінің басшысы Думан Таев қатысады. Сауалдар 21 қараша 17.00-ге дейін қабылданады: mvd_pr@mail.ru немесе WhatsApp -87054408365. 

25 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тұйғындар" хореографиялық қойылымы, "Наз" халық биі ансамблі (Мәңгілік ел даңғылы, 55/2).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0