Аңдатпа

Қазақстанда 20 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 20-21 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Ақ жол" партиясының съезі онлайн режимінде өтеді. Съезге қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасын, алдағы сайлауға дайындық мәселелерін талқылайды, сондай-ақ парламент мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітеді. Тікелей эфир https://youtu.be/sAjlLQF1-iA. Байланыс телефоны: 8 705 421 01 80 Аққу

11.00 – Тоғызұмалақтан ашық онлайн турнир. Жарыс үш жас санатында рапид жүйесі бойынша ұйымдастырылады (жылдам тіркелу жүйесі бойынша) өтеді (Тіркеу: +7 701 909 66 77).

11.00 – "Телекоммуникациялық қызметтер нарығында бәсекелестікті дамыту" тақырыбында Open Space форматындағы ашық пікірталас. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұйымдастыратын онлайн-шарада телекоммуникация қызметтері мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселесі талқыланады. Кездесуді "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев жүргізеді. Қатысу үшін 8 701 369 61 28 хабарласыңыз немесе аты-жөніңіз бен байланыс ақпаратыңызды, жұмыс орныңызды madina_daurenovna@mail.ru мекен-жайына жолдаңыз.

12.30 – Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен онлайн-брифинг. Тақырып: президент жолдауында айтылған бағыттар бойынша өңірдің дамуы. Суреттер сілтемесі: https://clck.ru/RxUPu Таратылым сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00 – "Нюрнберг сабақтары: есте сақтау" халықаралық мектептер конференциясы. Россотрудничестоның Қазақстандағы өкілдігі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ұйымдастырған және Нюрнбергтік процестің басталуының 75 жылдығына арналған талқылауға Қазақстанның көптеген аймақтарынан, сондай-ақ Ресей, Беларуссия және Украинадан мектеп оқушылары, мұғалімдер, мамандар мен ғалымдар қатысады. Конференцияның міндеті – гитлерлік фашизмнің қылмыстарын айыптаған және адамзат тарихындағы ең қанды – Екінші дүниежүзілік соғысты аяқтаған Халықаралық әскери трибунал тарихындағы алғашқы нәтижелерді терең және жан-жақты қарастыру. Іс-шараның арнайы қонағы – қарағандылық Серафима Пономарева. Сот процесінде ол аудармашы болды, ал конференция барысында Серафима Григорьевна Нюрнбергте өз көзімен көргендерін әңгімелейді. Киевтік тарихшы Евгений Кудрявцева өзінің туысы, Кеңес офицері Арсений Кудрявцевтің жеке мұрағатындағы бірегей фотосуреттер мен құжаттарды ұсынады, ол сонымен бірге Нюрнберг сот процестеріне тікелей қатысқан. (Конференцияға Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының YouTube арнасынан қосылуға болады. Сілтемесі: https://www.youtube.com/c/RCNKNurSultan)

16.00 – SputnikPro вебинары "Инфографиканы қалай қолдану керек: құралдар және жиі кездесетін қателіктер". Шеберлік сағатында "Россия сегодня" медиа тобының жетекші дизайнері Евгений Тарасенко инфографика не үшін қажет екенін, мамандар олармен жұмыс жасағанда қандай қателіктер жіберетінін және инфографиканы мінсіз ету үшін қандай құралдарды қолдануға болатыны туралы айтады. Вебинарға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу керек.

16.00 – "G-Global. ХХІ ғасыр әлемі" халықаралық конгресі аясында университеттердің ғаламдық конгресі.

19.00 – "Примадонны" спектаклі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

19.30 – "Астана Балет" театрындағы "Триумф" балетінің премьерасы. Бағдарламада: Джордж Баланчиннің "Серенадасы", Рикардо Амарантенің "Diversity балетінен үзінділер, Айнұр Әбілғазинаның "Триумф" классикалық дивертисментінің премьерасы. (Ұлы Дала даңғылы, 9).

Алматы

18.30 – "Мұқағалимен сырласу" театрландырылған кеші, Әуезов атындағы драма театр (Абай даңғылы, 103).

19.00 – Сергей Рахманиновтың шығармашылық концерті. Кеш бағдарламасында композитордың шығармалары: композитор шығармашылығының әр кезеңіндегі романстар, сондай-ақ "Алеко" бір актілі операның концерттік қойылымы болады. (Абай атындағы МАОБТ, Қабанбай батыр көшесі, 110).

21 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Астана Опера" театры Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен солистер, хор және симфониялық оркестрдің орындауында әлемдік музыкалық классика жауһары – Джакомо Пуччинидің Messa di Gloria туындысын ұсынады (Қонаева көшесі, 1).

Алматы

"Қара" қойылымының премьерасы, режиссері Жұлдызбек Жұманбай. Қойылым Абайдың "Қара сөздеріне" негізделген (Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай даңғылы, 103).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0