Аңдатпа

Қазақстанда 19 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание театра "Астана Балет"
Здание театра Астана Балет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 19-21 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

19 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Тұңғыш президент күніне орай Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында дойбыдан онлайн турнир. Жарыс PlayOK платформасында өткізіледі (тіркелу +7 747 054 59 00 телефоны бойынша).

14.30 – ADAL саяси партиясының VII съезі. Іс-шара барысында парламент мәжілісіне сайлау шеңберінде партияның сайлауалды бағдарламасының бес негізгі бағыты жарияланады. 14.30-да және 16.30-да аккредиттелген БАҚ үшін баспасөз мәслихаты мен сұхбат ұйымдастырылады. Сондай-ақ, партияның жаңартылған ресми сайтты таныстырылады (Сығанақ көшесі, 16/1, SHERATON NUR-SULTAN HOTEL. Аккредиттеуге арналған байланыс: press@adalpartiyasy.kz, +7 702 667 07 00, +7 775 742 6929).

16.00 – "Нюрнберг сабақтары: есте сақтау" көрмесі. Россотрудничестоның Қазақстандағы өкілдігі, Ресей тарихи қоғамы, Ұлы Отан соғысының орталық музейі (Мәскеу) және Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Нюрнберг процесінің басталғанына 75 жыл толуына орай арнайы дайындаған экспозицияда Ресейдің жетекші архивтеріндегі, сондай-ақ Ресейдің қазіргі заманғы тарихы музейіндегі сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттер ұсынылған. Көрме Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің залдарында 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін жұмыс істейді (Экспозиция мәселесі бойынша: +7 701 054 7177 (Ольга Скалчук), аккредитация мәселесі бойынша: +7 701 261-39-64 (Евгений Лумпов). Аккредитация мәліметтерін kaz.rs.gov@mail.ru мекенжайына жіберу керек).

18.00 – Астана экономикалық форумы: "G-Global. ХХІ ғасыр әлемі" халықаралық конгресі аясында "Қаржы саясаты және қазіргі жағдайдағы тұрақты өсу стратегиясы".

19.00 – "Унисон сердец" концерті. Бағдарлама батыс Еуропа композиторларының операларындағы ариялар мен дуэттерден, оперетталардан көріністер мен әлем халықтарының әндерінен тұрады (Абай атындағы МАОБ театр, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.30-да – Форумның пленарлық отырысы (https://e-forum.net/ платформасында көрсетілген).

Бірінші еуразиялық ивент-форум. Талқыланатын негізгі мәселелер: пандемия кезінде мәдени және іс-шаралар индустриясын дамыту мәселелері; дағдарыс жағдайында тұтынушымен тиімді байланыс; іс-шаралардың жаңа форматтары; кәсіпқойлардың желілік іскерлік жағдайлары мен гибридті оқиғаларының сәтті тәжірибесі; әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері мен ресурстары; түрлі елдерде саланы мемлекет тарапынан қаржылық қолдау тәсілдері (тіркелу +7 777 364 19 33 нөмірі бойынша).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Тоғызұмалақтан ашық онлайн турнир. Жарыс үш жас санатында рапид жүйесі бойынша ұйымдастырылады (жылдам тіркелу жүйесі бойынша) өтеді (Тіркеу: +7 701 909 66 77).

15.00 – "Нюрнберг сабақтары: есте сақтау" халықаралық мектептер конференциясы. Россотрудничестоның Қазақстандағы өкілдігі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ұйымдастырған және Нюрнбергтік процестің басталуының 75 жылдығына арналған талқылауға Қазақстанның көптеген аймақтарынан, сондай-ақ Ресей, Беларуссия және Украинадан мектеп оқушылары, мұғалімдер, мамандар мен ғалымдар қатысады. Конференцияның міндеті – гитлерлік фашизмнің қылмыстарын айыптаған және адамзат тарихындағы ең қанды – Екінші дүниежүзілік соғысты аяқтаған Халықаралық әскери трибунал тарихындағы алғашқы нәтижелерді терең және жан-жақты қарастыру. Іс-шараның арнайы қонағы – қарағандылық Серафима Пономарева. Сот процесінде ол аудармашы болды, ал конференция барысында Серафима Григорьевна Нюрнбергте өз көзімен көргендерін әңгімелейді. Киевтік тарихшы Евгений Кудрявцева өзінің туысы, Кеңес офицері Арсений Кудрявцевтің жеке мұрағатындағы бірегей фотосуреттер мен құжаттарды ұсынады, ол сонымен бірге Нюрнберг сот процестеріне тікелей қатысқан. (Конференцияға Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының YouTube арнасынан қосылуға болады. Сілтемесі: https://www.youtube.com/c/RCNKNurSultan)

16.00 – SputnikPro вебинары "Инфографиканы қалай қолдану керек: құралдар және жиі кездесетін қателіктер". Шеберлік сағатында "Россия сегодня" медиа тобының жетекші дизайнері Евгений Тарасенко инфографика не үшін қажет екенін, мамандар олармен жұмыс жасағанда қандай қателіктер жіберетінін және инфографиканы мінсіз ету үшін қандай құралдарды қолдануға болатыны туралы айтады. Вебинарға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу керек.

16.00 – "G-Global. ХХІ ғасыр әлемі" халықаралық конгресі аясында университеттердің ғаламдық конгресі.

19.00 – "Примадонны" спектаклі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

19.30 – "Астана Балет" театрындағы "Триумф" балетінің премьерасы. Бағдарламада: Джордж Баланчиннің "Серенадасы", Рикардо Амарантенің "Diversity балетінен үзінділер, Айнұр Әбілғазинаның "Триумф" классикалық дивертисментінің премьерасы. (Ұлы Дала даңғылы, 9).

21 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Астана Опера" театры Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен солистер, хор және симфониялық оркестрдің орындауында әлемдік музыкалық классика жауһары – Джакомо Пуччинидің Messa di Gloria туындысын ұсынады (Қонаева көшесі, 1).

Алматы

"Қара" қойылымының премьерасы, режиссер: Жұлдызбек Жұманбай. Қойылым Абайдың "Қара сөздеріне" негізделген (Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай даңғылы, 103).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0