Аңдатпа

Қазақстанда 18 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевВиды Нур-Султана зимой
Виды Нур-Султана зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18-21 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

18 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Тұңғыш президент күніне орай Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында шахматтан онлайн турнир. Жарыс www.lichess.org платформасында өткізіледі (Тіркеу +7 747 054 59 00).

Алматы

18.30 - "Енелер мен келіндер" қойылымы, Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры (Абылай хан даңғылы, 38. Байланыс телефондары: +7 (727) 271-38-12, +7 (727) 271-38-10) .

19.00 – "String Quartets of Golden Age" концерті. Квартет жаңа концерттік бағдарламаны ұсынады, оған бұрын Алматыда орындалмаған шығармалар кірді. Орындаушылар: бірінші скрипка – Әсем Қалман, екінші скрипка – Оксана Нұршаева, альт – Нұрлан Сағымбаев, виолончель – Айдар Құспанов, контрабас – Құрманғазы Әбдірайымов (шақырылған солист). (Қабанбай батыр көшесі, 110)

Нұр-Сұлтан

19.00 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаевтың орындауындағы "O Paese d' 'o sole" ("Күншуақ ел") неаполитандық әндер концерті. Бағдарламада Джоаккино Россини, Эдуардо ди Капуа, Родольфо Фальво, Эрнесто де Куртистің және басқалардың неаполитандық әндері бар.

19 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Тұңғыш президент күніне орай Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында дойбыдан онлайн турнир. Жарыс PlayOK платформасында өткізіледі (тіркелу +7 747 054 59 00 телефоны бойынша).

16.00 – "Нюрнберг сабақтары: есте сақтау" көрмесі. Россотрудничестоның Қазақстандағы өкілдігі, Ресей тарихи қоғамы, Ұлы Отан соғысының орталық музейі (Мәскеу) және Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Нюрнберг процесінің басталғанына 75 жыл толуына орай арнайы дайындаған экспозицияда Ресейдің жетекші архивтеріндегі, сондай-ақ Ресейдің қазіргі заманғы тарихы музейіндегі сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттер ұсынылған. Көрме Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің залдарында 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін жұмыс істейді (Экспозиция мәселесі бойынша: +7 701 054 7177 (Ольга Скалчук), аккредитация мәселесі бойынша: +7 701 261-39-64 (Евгений Лумпов). Аккредитация мәліметтерін kaz.rs.gov@mail.ru мекенжайына жіберу керек).    

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Бірінші еуразиялық ивент-форум. Талқыланатын негізгі мәселелер: пандемия кезінде мәдени және іс-шаралар индустриясын дамыту мәселелері; дағдарыс жағдайында тұтынушымен тиімді байланыс; іс-шаралардың жаңа форматтары; кәсіпқойлардың желілік іскерлік жағдайлары мен гибридті оқиғаларының сәтті тәжірибесі; әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері мен ресурстары; түрлі елдерде саланы мемлекет тарапынан қаржылық қолдау тәсілдері (тіркелу +7 777 364 19 33 нөмірі бойынша).

11.00 – Тоғызұмалақтан ашық онлайн турнир. Жарыс үш жас санатында рапид жүйесі бойынша ұйымдастырылады (жылдам тіркелу жүйесі бойынша) өтеді (Тіркеу: +7 701 909 66 77).

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Примадонны" спектаклі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

19.30 – "Астана Балет"театрында "Триумф" балетінің премьерасы. Бағдарламада: Джордж Баланчиннің "Серенадасы", Рикардо Амарантенің "Diversity балетінен үзінділер, Айнұр Әбілғазинаның "Триумф" классикалық дивертисментінің премьерасы. (Ұлы Дала даңғылы, 9).

21 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 -  "Астана Опера" театры Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен солистер, хор және симфониялық оркестрдің орындауында әлемдік музыкалық классика жауһары – Джакомо Пуччинидің Messa di Gloria туындысын ұсынады (Қонаева көшесі, 1).

Алматы

"Қара" қойылымының премьерасы, режиссер: Жұлдызбек Жұманбай. Қойылым Абайдың "Қара сөздеріне" негізделген (Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай даңғылы, 103).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0