Аңдатпа

Қазақстанда 15 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМечеть Нур-Астана
Мечеть Нур-Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 15-20 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

15 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

13.00 – "Археолог күні" балалар мерекесі (Төле би көшесі, 179а).

18.00 – "Чайковский Live" концерті (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқова көшесі, 35).

16 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Қазақстан–Канада іскерлік кеңесінің IV отырысы аясындағы энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі жұмыс тобының отырысы (толығырақ ақпарат мына сілтемеде. Тіркелу katherine@cerbanet.org, vera@cerbanet.org электронды поштасы арқылы).

11.00 – "Ішкі істер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуін автоматтандыру және цифрландыру" тақырыбында онлайн брифинг. Спикер: көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов.

12.00 – "Мұздағы қауіпсіздік" тақырыбында брифинг. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Есен Байыров (онлайн-конференция әкімдіктің Facebook-тегі ресми парағында көрсетіледі).

19.00 – Сингапурлық жазушы және журналист, профессор Джеймс Крэбтридің "Барлығы маска тағуы тиіс: әлеуметтік медиа, жалған жаңалықтар және үкіметтік коммуникацияға арналған COVID-19 сабақтары" атты веб-семинар. Іс-шараны Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі ұйымдастырады. Джеймс Крабтри 2018 жылы FT/McKinsey's "Жылдың үздік кітабы" сыйлығының қысқа тізіміне енген "Миллиардер Радж: Үндістанның жаңа алтын дәуіріне саяхат" кітабының авторы. Академиялық мансабына дейін Джеймс Financial Times газетінде жұмыс істеп, Мумбайдағы бюроны басқарды. Қазіргі уақытта ол Nikkei Asian Review журналының шолушысы және Chatham House-те Азия-Тынық мұхиты бағдарламасының ғылыми қызметкері (тіркелу мына сілтеме бойынша. Байланыс телефоны: 87015218459).

17 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Бірінші Еуразиялық ивент-форумы туралы онлайн-конференция (тіркелу үшін +7 (777) 364 19 33 телефоны).

18 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында шахматтан онлайн турнир. Жарыс www.lichess.org платформасында өткізіледі (Тіркеу +7 747 054 59 00).

19 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында дойбыдан онлайн турнир. Жарыс PlayOK платформасында өткізіледі (тіркелу +7 747 054 59 00 телефоны бойынша).

16.00 – "Нюрнберг сабақтары: есте сақтау" көрмесі. Россотрудничестоның Қазақстандағы өкілдігі, Ресей тарихи қоғамы, Ұлы Отан соғысының орталық музейі (Мәскеу) және Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Нюрнберг процесінің басталғанына 75 жыл толуына орай арнайы дайындаған экспозицияда Ресейдің жетекші архивтеріндегі, сондай-ақ Ресейдің қазіргі заманғы тарихы музейіндегі сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттер ұсынылған. Көрме Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің залдарында 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін жұмыс істейді (Экспозиция мәселесі бойынша: +7 701 054 7177 (Ольга Скалчук), аккредитация мәселесі бойынша: +7 701 261-39-64 (Евгений Лумпов). Аккредитация мәліметтерін kaz.rs.gov@mail.ru мекенжайына жіберу керек).    

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Бірінші еуразиялық ивент-форум. Талқыланатын негізгі мәселелер: пандемия кезінде мәдени және іс-шаралар индустриясын дамыту мәселелері; дағдарыс жағдайында тұтынушымен тиімді байланыс; іс-шаралардың жаңа форматтары; кәсіпқойлардың желілік іскерлік жағдайлары мен гибридті оқиғаларының сәтті тәжірибесі; әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері мен ресурстары; түрлі елдерде саланы мемлекет тарапынан қаржылық қолдау тәсілдері (тіркелу +7 777 364 19 33 нөмірі бойынша).

11.00 – Тоғызұмалақтан ашық онлайн турнир. Жарыс үш жас санатында рапид жүйесі бойынша ұйымдастырылады (жылдам тіркелу жүйесі бойынша) өтеді (Тіркеу: +7 701 909 66 77).

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Примадонны" спектаклі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0