Аңдатпа

Қазақстанда 14 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневТерритория ЭКСПО 2017
Территория ЭКСПО 2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 14-20 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Kolesa Conf 2020" онлайн-конференциясы. ТМД және Қазақстан спикерлері бес өзекті IT бағытты ұсынады: Web, iOS, Android, Management, Data scienc (тіркелу мына сілтеме бойынша).

14.00 – "Ұлттық валюта күні – теңге" онлайн-экскурсиясы (Ұлттық музейдің Instagram мен Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфир жүргізіледі).

07.00 – "Біз жүгіруді қолдаймыз" атты онлайн жарыс. Іс-шара 14-27 қараша аралығында, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін елорданың қалаған саябағында әр жұпқа ыңғайлы уақытта, онлайн режимінде, мобильді қосымшаның сүйемелдеуі арқылы  өтеді. Телефон арқылы тіркеу (+7 707 977 99 70).

15.00 – Booktime кітап клубында кітап алмасу (Құдайбердіұлы даңғылы, 25/3).

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

17 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Бірінші Еуразиялық ивент форумы туралы онлайн-конференция (тіркелу үшін +7 (777) 364 19 33 телефоны).

19 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

16.00 – "Нюрнберг сабақтары: есте сақтау" көрмесі. Россотрудничестоның Қазақстандағы өкілдігі, Ресей тарихи қоғамы, Ұлы Отан соғысының орталық музейі (Мәскеу) және Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Нюрнберг процесінің басталғанына 75 жыл толуына орай арнайы дайындаған экспозицияда Ресейдің жетекші архивтеріндегі, сондай-ақ Ресейдің қазіргі заманғы тарихы музейіндегі сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттер ұсынылған. Көрме Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің залдарында 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін жұмыс істейді (Экспозиция мәселесі бойынша: +7 701 054 7177 (Ольга Скалчук), аккредитация мәселесі бойынша: +7 701 261-39-64 (Евгений Лумпов). Аккредитация мәліметтерін kaz.rs.gov@mail.ru мекенжайына жіберу керек).    

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Бірінші еуразиялық ивент форум. Талқыланатын негізгі мәселелер: пандемия кезінде мәдени және іс-шаралар индустриясын дамыту мәселелері; дағдарыс жағдайында тұтынушымен тиімді байланыс; іс-шаралардың жаңа форматтары; кәсіпқойлардың желілік іскерлік жағдайлары мен гибридті оқиғаларының сәтті тәжірибесі; әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері мен ресурстары; түрлі елдерде саланы мемлекет тарапынан қаржылық қолдау тәсілдері (тіркелу +7 777 364 19 33 нөмірі бойынша).

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Примадонны" спектаклі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0