Аңдатпа

Қазақстанда 10 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевМужчина идет по мосту в Нур-Султане
Мужчина идет по мосту в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 10-20 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

9.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылғы қаңтар-қазандағы республикалық бюджеттің атқарылуы кіреді (тікелей көрсетілім PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 75 00 10)

10.30 – "Стационарлық және амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары туралы" ОКҚ-нің баспасөз конференциясы. Спикерлер: "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков (тікелей эфир сілтемесі:  https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz)

12.30 – "Жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер" ОКҚ баспасөз конференциясы. Спикерлер: білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев (тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

14.00 – Қазақстандағы 5-ші Еуропалық онлайн-кинофестиваль. Іс-шара 29 қарашаға дейін созылады. Ресми ашылуы 9 қараша күні сағат 20.00. Фильмдер 10 қарашадан бастап көрсетіледі. Қазақстан тұрғындары ЕО елдерінен 18 фильмді тегін көре алады. Фильмдерден басқа эксклюзивті пікірталастар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, еуропалық және қазақстандық режиссерлермен кездесулер өтеді. Кинотуындылар Еуропадағы Cineuropa кино порталы мен Эстонияның Нұр-Сұлтандағы елшілігінің, Гете және Француз институтының қолдауымен таңдалды (тіркелу үшін: https://www.festivalscope.com/).

14.00 – "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері" онлайн-телекөпірі (Қазақстан баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасында тікелей эфир жүргізіледі. Тіркелу үшін – 87017490200.

Нұр-Сұлтан

12.00 – Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театрында "Как зайчонок зайцем стал" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде). (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

11 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

15.00 – Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының "Zоm" сервисінің бейнеконференция алаңындағы отырысы. Тақырыбы: "2016-2020 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласын дамыту (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау) бағдарламасын іске асыру туралы".

12 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

 Нұр-Сұлтан

19.00 – Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Александр Островскийдің драмасы негізінде "Найзағай" спектаклін қояды (Желтоқсан көшесі, 11, 13). 

13 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Баспа, радио, интернет журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты. Байқаудың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау.  "Үркер" сыйлығын алуға өтінімдер 2 қарашаға дейін қабылданады. Байқау жұмыстарын тәуелсіз әділ қазылар алқасы қарап, баға береді. Оның құрамына белгілі журналистер, осы саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және биыл алғаш рет халықаралық медиа сарапшылар кіріп отыр. Осы жылы 11 номинация бойынша ақпарат саласының үздіктері анықталады. Шара онлайн форматта өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "Үркер-2020" естелік мүсіні мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.

Алматы

14.00 – "Абай – халық даналығы" көрмесінің салтанатты ашылуы (жабық вернисаж). Экспозицияда Абайдың бейнесі мен шығармашылығына арналған әр кезеңдегі суретшілердің 70-тен астам картиналары, графикалық, мүсіндік жұмыстары ұсынылған. Бұл шығармаларда өткен ғасыр мен қазіргі заман шеберлері Абай бейнесін, оның ұлылығын бейнелейді. (Қастеев атындағы мемлекеттік музей (кіру шақыру бойынша).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Kolesa Conf 2020" онлайн-конференциясы. ТМД және Қазақстан спикерлері бес өзекті IT бағытты ұсынады: Web, iOS, Android, Management, Data scienc (Мына сілтеме арқылы тіркелу керек).

Нұр-Сұлтан

15.00 – Booktime кітап клубында кітап алмасу (Құдайбердіұлы даңғылы, 25/3).

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Примадонны" спектаклі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0