Аңдатпа

Қазақстанда 9 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВечерний Алматы
Вечерний Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 9-20 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

9 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - Судьяларды конкурстық іріктеу мәселелері жөніндегі Жоғары сот кеңесінің тоғызыншы отырысын қорытындылайтын онлайн брифинг өтеді. Спикерлер бос сот лауазымдарына орналасуға арналған конкурстың нәтижелері туралы хабарлайды (Аккредитация kaliakhmeta@gmail.com электронды поштасы немесе + 7-777-415-16-39 телефоны арқылы жасалады).

11.00 – "Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы" брифингтің онлайн трансляциясы. Спикер: Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген Мәткенов (Аккредитация mvd_pr@mail.ru электронды поштасы немесе 8 705 440 83 65 WhatsApp нөмірі арқылы жасалады).  

15.00 - Кәсіподақтар үйінде Қазақстан кәсіподақтары федерациясының 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген мәслихаттар мен парламент мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысуы туралы брифинг өтеді.

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театрында "Как зайчонок зайцем стал" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде). (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

12 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

 Нұр-Сұлтан

19.00 - Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Александр Островскийдің драмасы негізінде "Найзағай" спектаклін қояды (Желтоқсан көшесі, 11, 13). 

13 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Баспа, радио, интернет журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты. Байқаудың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау.  "Үркер" сыйлығын алуға өтінімдер 2 қарашаға дейін қабылданады. Байқау жұмыстарына тәуелсіз әділ қазылар алқасы қарап, баға береді. Оның құрамына белгілі журналистер, осы саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және алғаш рет биыл халықаралық медиа сарапшылар кіріп отыр. Осы жылы 11 номинация бойынша ақпарат саласының үздіктері анықталады. Шара онлайн форматта өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "Үркер-2020"  естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 - "Kolesa Conf 2020" онлайн-конференциясы. ТМД және Қазақстан спикерлері бес өзекті IT бағытты ұсынады: Web, iOS, Android, Management , Data scienc (Мына сілтеме арқылы тіркелу керек).

Нұр-Сұлтан

15.00 - Booktime кітап клубында кітап алмасу (Құдайбердіұлы даңғылы, 25/3).

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Примадонны" спектаклі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0