Аңдатпа

Қазақстанда 6 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневБотанический сад в городе Нур-Султан
Ботанический сад в городе Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 6-14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.30 – "Мемлекет басшысының жолдауы аясында аумақтық даму туралы" ОКҚ-нің онлайн брифингі. Спикер: Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин. Трансляцияға сілтемелер: www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz. 

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Астана Опера" опера және балет театрында Санкт-Петербург Музыка үйінің солистері, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары Арсения Сибилёва (скрипка), Александр Кашпурин (фортепиано), Дугар Цыбиковтың (гобой) концерті. Залдағы орын саны шектеулі. Концерт http://www.tengrinews.kz/tv-да онлайн режимінде көрсетіледі (БАҚ kaz.rs.gov@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша 5 қазан сағат 14.00-ге дейін тіркелуі тиіс. Байланыс телефондары: +7 701 054 7177, +7 701 261 39 64).

19.30 – "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

7 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

"Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы" әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалі (Байланыс телефоны: +77016103141. www.abayfestival.kz сайтында тіркелу керек. Фестиваль "Abay Festival" youtube-арнасында көрсетіледі).  

Нұр-Сұлтан

10.00 – Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастыратын ЖасSTAR шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі ашылады. Биыл фестиваль онлайн форматта өтеді. Фестиваль бағдарламасында музыка, театр, кино, фотография, әдебиет, кескіндеме, заманауи өнер және шығармашылық индустрия сияқты бағыттар бойынша белгілі сарапшылардың қатысуымен ісшаралар топтамасы – вебинарлар, онлайн-пікірталастар, artisttalks қамтылған. Фестивальдің конкурстық бағдарламасына 16 мен 40 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Байқау бағдарламасы мынадай бағыттарды ұсынады: фотография, кескіндеме, графика, мүсін, инсталляция, сонымен қатар видео / кино / поэтикалық мәнерлеп оқу / цифрлық шығармалар (Тіркелу www.jasstar.kz сайтында).

12.00 – елордадағы Қуыршақ театрында "Маугли" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде) (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

18.00 – "Астана Опера" театрында "Петр Чайковскийдің хорға арналған музыкасы" концерті (Қонаев көшесі, 1).

Алматы

19.00 – "Аққу көлі" балеті (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

8 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Астана Опера" театрында балаларға арналған "Жануарлар карнавалы" музыкалық-поэтикалық концерті (Қонаева көшесі, 1).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театрында "Как зайчонок зайцем стал" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде). (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

13 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Баспа, радио, интернет журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты. Байқаудың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау.  "Үркер" сыйлығын алуға өтінімдер 2 қарашаға дейін қабылданады. Байқау жұмыстарына тәуелсіз әділ қазылар алқасы қарап, баға береді. Оның құрамына белгілі журналистер, осы саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және алғаш рет биыл халықаралық медиа сарапшылар кіріп отыр. Осы жылы 11 номинация бойынша ақпарат саласының үздіктері анықталады. Шара онлайн форматта өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "Үркер-2020"  естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0