Аңдатпа

Қазақстанда 2 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневБәйтерек
Бәйтерек  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2-14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

2 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Ауылым – алтын бесігім" онлайн-концерті (@astana_philharmonic Instagram парақшасында).

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

Ішкі істер министрлігінің брифингі, уақыты нақтыланып жатыр.

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

12.00 – Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театрында "Еще раз о русалочке" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде) (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.30 – "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

7 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – елордадағы Қуыршақ театрында "Маугли" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде) (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театрында "Как зайчонок зайцем стал" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде) (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

13 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Баспа, радио, интернет журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты. Байқаудың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау.  "Үркер" сыйлығын алуға өтінімдер 2 қарашаға дейін қабылданады. Байқау жұмыстарына тәуелсіз әділ қазылар алқасы қарап, баға береді. Оның құрамына белгілі журналистер, осы саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және алғаш рет биыл халықаралық медиа сарапшылар кіріп отыр. Осы жылы 11 номинация бойынша ақпарат саласының үздіктері анықталады. Шара онлайн форматта өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "Үркер-2020"  естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0