Аңдатпа

Қазақстанда 29 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВечерний Алматы
Вечерний Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 29 қазан мен 14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.30 – "COVID-19 жаһандық дәуірі: коммуникациялар траекториясындағы өзгерістер. Мамандық пен салалар үшін жаңа сын-қатерлер" тақырыбында XV халықаралық онлайн PR форумы өтеді. "PR индустриясына арналған карантин сабақтары, COVID-19 және коммуникациялардағы өзгерістер. Жергілікті және халықаралық коммуникация нарығының негізгі трендтері" бірінші пленарлық сессиясының спикерлері: Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік коммуникациялар қызметінің директоры Татьяна Шевченко, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры, "Еуразиялық медиа форум" халықаралық қоры қамқоршылар кеңесінің мүшесі Руслан Жемков, Еуразиялық топ (ERG) ЖШС корпоративті коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаева, CommUnity сарапшысы, коммуникация, дағдарысқа қарсы басқару саласындағы халықаралық кеңесші, медиа жаттықтырушы Олег Ильин (Германия). Форумның алғашқы екі жалпы отырысы ашық болады, трансляция https://www.youtube.com/user/Pressclubkz, https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub сілтемелері арқылы жасалады.

14:30 – "Атамекен" ҰКП VII съезі. Съезге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, "Атамекен" ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестердің мүшелері, салалық қауымдастықтар және кәсіпкерлер қатысады. ҰКП съезі алғаш рет онлайн форматта өтеді, жаңалықтарды ҰКП-ның Facebook-тегі ресми парақшасында оқуға болады (https://www.facebook.com/atamekenkz/). Кездесудің күн тәртібінде коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезеңіндегі бизнестің проблемалары, сондай-ақ кезекті локдаунға жол бермеу шаралары қаралады.  

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Алматы

18.30 – "Voci dell'Opera" концерті, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Қабанбай батыр көшесі, 110)

30 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті ("Астана Опера" театры).

19.00 – "Лифт" қойылымы, "Жастар" театры (Есенберлин көшесі, 10).

19.30 – "Астана Балет" театрында премьера кеші. Екі жаңа бір актілі балет ұсынылады: Longing және Instinct (Ұлы Дала даңғылы, 9).   

31 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 – ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Ролан Петидің Лео Делибес әуенімен сахналаған "Коппелия" комедиялық балеті. Либретто Эрнст Гофманның шебер Коппелиус жасаған механикалық қуыршаққа ғашық болған жас жігіт туралы "Песка" әңгімесінің негізінде жазылған ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 - "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.30 - "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 - "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0