17:04 29 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD430.51
  • EUR505.72
  • RUB5.51
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

Sputnik Қазақстан 18-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (мына сілтеме арқылы тіркелу керек).

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Театрға серуен" циклынан балаларға арналған "Түрлі дауыстар әлемі" атты қазақ тілінде концерт. Музыкатанушы Төлеген Назарбеков, театрдың танымал солистері, сондай-ақ "Астана Опера" балалар театр студиясының хоры, балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова балаларды опера дауыстарымен таныстырады. Фортепиано бөлімі – Раушан Бескемпірова. Концерттік бағдарлама сопранодан бастап опералық дауыстардың барлық түрлері туралы, классикалық вокалдық шығармалардан танымал ариялар мен дуэттер орындалатын болады (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

19 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы онлайн брифинг. Спикерлер: қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов пен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы Бибігүл Мұңайтпасова.

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі. Іс-шара Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық кеңістіктегі COVID-19 пандемиясының таралуына және жағымсыз салдарларын жеңуге және еңсеруге арналған үздік цифрлық шешімдерге арналған Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) цифрлық бастамалар қоры конкурсының қорытындылары аясында өтеді. Бейнекөпірдің трансляциясы Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшасында қолжетімді. Спикерге қойылатын сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып