Аңдатпа

Қазақстанда 17 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Ксения ВоронинаЛитература с книгообмена
Литература с книгообмена - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 17-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

17 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

09.30 - жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы. Шараға төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен қала әкімі Алтай Көлгінов қатысады. 19 қазанда азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толады (өтетін орны: 69-шы көше, № 2, ("Big Шанхай" ауданы). Аккредитация: +7 (7172) 55 96 60, +7 702 142 84 44, +7 701 514 07 06).

11.00 - Қазақстанның Азаматтық альянсының бұрынғы президенті Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашу салтанаты. Аллеяны шәкірттері, әріптестері мен достары ашады. Салтанат Рахымбекова Қазақстанның "жасыл экономика" саласын дамытуға сүбелі үлес қосты. Шараға экология министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысады (өтетін орны: Есіл өзені бойындағы саябақ, Панфилов көшесінен, "Городской романс" тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы).

15.00 – Booktime кітап клубы ұйымдастырған кітап алмасу (Сығанақ көшесі, 16/5. Байланыс телефоны: +7 778 324 98 71).

Алматы

08.00 – Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ("Астана" алаңы, Төле би көшесі, 59).

12.00 – "Три поросенка" спектаклі (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі,63).

18.00 – Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының концерті (Қалдаяков көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 701 751 89 85)

19.00 – "Лихорадка субботнего вечера" премьерасы. Бұл жас Джон Траволта мен Bee Gees тобының бағын жандырған 1977 жылғы кинохиттің сахналық ремейкі. (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.30 – "Агент Джонни Инглиш" фильмінің тегін көрсетілімі. Almaty mall мен Bekmambetov cinema ұйымдастырған.

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (мына сілтеме арқылы тіркелу керек).

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Театрға серуен" циклынан балаларға арналған "Түрлі дауыстар әлемі" атты қазақ тілінде концерт. Музыкатанушы Төлеген Назарбеков, театрдың танымал солистері, сондай-ақ "Астана Опера" балалар театр студиясының хоры, балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова балаларды опера дауыстарымен таныстырады. Фортепиано бөлімі – Раушан Бескемпірова. Концерттік бағдарлама сопранодан бастап опералық дауыстардың барлық түрлері туралы, классикалық вокалдық шығармалардан танымал ариялар мен дуэттер орындалатын болады (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
АЛМАТЫ

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0