Аңдатпа

Қазақстанда 13 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы осенью с высоты птичьего полета
Виды Алматы осенью с высоты птичьего полета  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 13-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан  

9.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы республикалық бюджеттің атқарылуы; 2020-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау.

11.00 – "Қазақстандағы құс тұмауына қарсы іс-қимыл шаралары және өнім қауіпсіздігі" тақырыбында баспасөз конференциясы.

15.00 – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекет басшысы қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы" заң жобасын түсіндіру бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі заң департаментінің директоры Мақсат Мусин. Іс-шараның өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі 33 үй. Ғимаратқа медициналық маскамен кіру қажет.

19.00 – "Бетховенге құрмет" ұлы композитордың 250 жылдығына арналған – "Қазақквартет шақырады" циклының концерті. Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті квартет: Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель) (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

16 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Астана Операның жаңа есімдері" концерті. Театрдың талантты жас солистері, көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары өз өнерлерін ортаға салады. Сопрано Назим Сағынтай Вердидің "Трубадур" операсынан Леонораның ариясын орындайды, Пуччинидің "Мадам көбелегі" операсынан Чио-Чио-сан ариясы, меццо-сопрано Малика Минизини көз тыңдармандарына Петр Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсынан Ольга ариясын және Шарль Гуноның "Фауст" операсынан Зибелдің ариясын ұсынады. Тенор Рамзат Балакишиев Жюль Масненің "Вертер" операсынан Вертер ариясы мен Карло Пеполидің өлеңдеріне жазылған неаполитандық тарантелла Джоаккино Россинидің шығармаларын орындайды. Баритон Ержан Саипов – Вольфганг Моцарттың сол аттас операсынан Дон Хуанның ариясын, Петр Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсынан Онегиннің ариясы және бас –Шыңғыс Расылхан қазақ әні "Қараторғайды", Джоаккино Россинидің "Севилький цирюльник" операсынан Дон Базилияның ариясын орындайды (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

17 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

15.00 – Booktime кітап клубы ұйымдастырған кітап алмасу (Сығанақ көшесі, 16/5. Байланыс телефоны: +7 778 324 98 71).

Алматы

19.00 – "Лихорадка субботнего вечера" премьерасы. Бұл жас Джон Траволта мен Bee Gees тобының бағын жандырған 1977 жылғы кинохиттің сахналық ремейкі. (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (мына сілтеме арқылы тіркелу керек).

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Театрға серуен" циклынан балаларға арналған "Түрлі дауыстар әлемі" атты қазақ тілінде концерт. Музыкатанушы Төлеген Назарбеков, театрдың танымал солистері, сондай-ақ "Астана Опера" балалар театр студиясының хоры, балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова балаларды опера дауыстарымен таныстырады. Фортепиано бөлімі – Раушан Бескемпірова. Концерттік бағдарлама сопранодан бастап опералық дауыстардың барлық түрлері туралы, классикалық вокалдық шығармалардан танымал ариялар мен дуэттер орындалатын болады (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0