19:55 31 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Sputnik Қазақстан 10-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР 

06.00 – Qaragandy Marathon 2020. Әрбір қатысушы өз аймағында, қолайлы уақытта қашықтықты жүгіреді. Осыдан кейін өзінің жүгіріп келе жатқан трекерін qaragandy-marathon.kz ​​сайтына жүктеуі тиіс. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының және сегіз облыстың өкілдері тіркеліп, кіру жарнасын жасады: Олар: Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысы (толық ақпарат мына сілтемеде).

06:00 – Strava қосымшасының көмегімен жүгіру және велосипед жарысы. Қатысушылар астананың кез келген саябағында қашықтықты жүгіріп өтіп, нәтижесін жарысты ұйымдастырушыларға жібере алады. Жарыс 5, 10, 15 және 25 шақырым қашықтықта өтеді. (Байланыс телефондары: +7 775 947 22 79, + 7 747 619 15 55).

10.00 – Киберспорттық студенттер лигасының алғашқы маусымы - National Esports Student League. Жобаны "Халық" қайырымдылық қоры Ұлттық олимпиада комитетімен, Нұрсұлтан Назарбаев білім қорымен және Qazaq Cybersport Federation-мен бірлесіп ұйымдастырды. Студенттер лигасы тұрақты негізде өтіп тұрады және төрт маусымнан тұрады. Әр маусымда ойын дисциплиналары өзгереді (Байланыс телефоны: +7 (7172) 45 60 13).

10.00 – "Шетелде білім алу" онлайн көрмесі. Көрмеде шетелдік бакалавриат және магистратура бағдарламалары, колледждер, жекеменшік және мемлекеттік мектептер, тілдік және жазғы курстар таныстырылады (Мына сілтеме арқылы тіркелу керек).

17.00 – Павлодар облыстық филармониясының әртістері Павел Бакалкин мен Дмитрий Пичугиннің қатысуымен "Два тромбона" онлайн-концерті (Трансляция филармонияның youtube арнасында жасалады).

19.00 – "Смешные деньги" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

19.00 - Қазақстандағы жалғыз авторлық құқық иелерінен Kino тобының әндерін орындауға рұқсаты бар "Pulse kino" тобының авто-концерті. ("Тикетон Атакент" автокинотеатры, Темирязев көшесі, 42л22).

11 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-сұлтан

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка" концерті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі,1).

12.00 – "Золотой цыпленок" қойылым-ертегісі, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

12 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ішкі істер министрлігінің "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбындағы онлайн брифингі. Спикер: ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев.

13 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Бетховенге құрмет" ұлы композитордың 250 жылдығына арналған – "Қазақквартет шақырады" циклының концерті. Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті квартет: Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель) (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

16 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Астана Операның жаңа есімдері" концерті. Театрдың талантты жас солистері, көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары өз өнерлерін ортаға салады. Сопрано Назим Сағынтай Вердидің "Трубадур" операсынан Леонораның ариясын орындайды, Пуччинидің "Мадам көбелегі" операсынан Чио-Чио-сан ариясы, меццо-сопрано Малика Минизини көз тыңдармандарына Петр Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсынан Ольга ариясын және Шарль Гуноның "Фауст" операсынан Зибелдің ариясын ұсынады. Тенор Рамзат Балакишиев Жюль Масненің "Вертер" операсынан Вертер ариясы мен Карло Пеполидің өлеңдеріне жазылған неаполитандық тарантелла Джоаккино Россинидің шығармаларын орындайды. Баритон Ержан Саипов – Вольфганг Моцарттың сол аттас операсынан Дон Хуанның ариясын, Петр Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсынан Онегиннің ариясы және бас –Шыңғыс Расылхан қазақ әні "Қараторғайды", Джоаккино Россинидің "Севилький цирюльник" операсынан Дон Базилияның ариясын орындайды (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

17 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

15.00 – Booktime кітап клубы ұйымдастырған кітап алмасу (Сығанақ көшесі, 16/5. Байланыс телефоны: +7 778 324 98 71).

Алматы

19.00 – "Лихорадка субботнего вечера" премьерасы. Бұл жас Джон Траволта мен Bee Gees тобының бағын жандырған 1977 жылғы кинохиттің сахналық ремейкі. (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (мына сілтеме арқылы тіркелу керек).

Нұр-Сұлтан

12.00 – 12.00 – "Театрға серуен" циклынан балаларға арналған "Түрлі дауыстар әлемі" атты қазақ тілінде концерт. Музыкатанушы Төлеген Назарбеков, театрдың танымал солистері, сондай-ақ "Астана Опера" балалар театр студиясының хоры, балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова балаларды опера дауыстарымен таныстырады. Фортепиано бөлімі – Раушан Бескемпірова. Концерттік бағдарлама сопранодан бастап опералық дауыстардың барлық түрлері туралы, классикалық вокалдық шығармалардан танымал ариялар мен дуэттер орындалатын болады (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып