Аңдатпа

Қазақстанда 7 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 7-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

7 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.30 - "Астана" президенттік кәсіби спорт клубын қаржыландыру схемасын өзгертуге арналған онлайн-брифингі өтеді. Аккредитация үшін: press@sk.kz, +7 701 100 01 02, +7 707 555 19 47.

12.00 - "Самұрык-Қазына" АҚ-ның COVID-19-дың екінші толқынына дайындығына арналған онлайн-брифинг. Аккредитация: press@sk.kz, +7 701 100 01 02, +7 707 555 19 47. 

19.00 – Джузеппе Вердидің "Травиата" операсы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1)

10 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР 

06.00 – Qaragandy Marathon 2020. Әрбір қатысушы өз аймағында, қолайлы уақытта қашықтықты жүгіреді. Осыдан кейін өзінің жүгіріп келе жатқан трекерін qaragandy-marathon.kz ​​сайтына жүктеуі тиіс. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының және сегіз облыстың өкілдері тіркеліп, кіру жарнасын жасады: Олар: Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысы (толық ақпарат мына сілтемеде).

10.00 – Киберспорттық студенттер лигасының алғашқы маусымы - National Esports Student League. Жобаны "Халық" қайырымдылық қоры Ұлттық олимпиада комитетімен, Нұрсұлтан Назарбаев білім қорымен және Qazaq Cybersport Federation-мен бірлесіп ұйымдастырды. Студенттер лигасы тұрақты негізде өтіп тұрады және төрт маусымнан тұрады. Әр маусымда ойын дисциплиналары өзгереді (Байланыс телефоны: +7 (7172) 45 60 13).

19.00 – "Смешные деньги" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

11 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка" концерті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі,1).

12.00 – "Золотой цыпленок" қойылым-ертегісі, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (тіркелу мына сілтеме бойынша).

12.00 – Балаларға арналған "Музыкальное разноголосье" концерті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0