19:06 31 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Аудиторияның назарын қалай аударуға болады, оқырманға қандай эмоцияларды көрсету керек, қалалық БАҚ-та тілшіге шабытты қайдан іздеу керек – SputnikPro сарапшысының кеңесі

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. РИА Новости Недвижимость порталының жетекшісі Ольга Набатникова жақын шетел мемлекеттерінің журналистеріне қаланың проблемалары туралы қалай жазуға болатынын айтып берді.

Халықтың жаңалықтар форматына сұранысы өзгеріп жатыр. Оқырманға ұнамайтын нәрсе – бұқаралық ақпарат құралдары жаңалықтарды түсіндірмейді, деп атап өтті Набатникова. Оның айтуынша, БАҚ қазір көптеген басқа ақпарат көздерімен бәсекелесіп жатыр. Сонымен қатар, ақпаратты тұтыну тәсілі өзгеруде.

"Қазір журналист өз аудиториясы туралы үнемі ойланып жүруі керек. Ойланып қана қоймай, мақаланы қандай жолмен оқығанын түсінуі керек – бұл тікелей трафик, жаңалықтар агрегаторларының трафигі, бұл мақалаға әлеуметтік желілердегі бөлісудің көптігінен келген адамдар болуы мүмкін, немесе адамдар іздеу трафигінің көмегімен тапқан, серіктестердің ұсынысы немесе тарату арқылы оқыған болуы ықтимал", - деп түсіндірді сарапшы.

Материалдар эмоцияны тудыруы керек, деп атап өтті Ольга Набатникова. Аудиторияға жағымсыз эмоция тудыратын қалалық проблемаларды "позитивке айналдырып" айтқан дұрыс.

Оның айтуынша, эмоция жанрын репортаж, фотолента, жеңіл шолу (гид), викторина сияқты форматтарда "пайдалану" керек.

БАҚ-тағы трендтер

Набатникова бүгінде БАҚ қандай трендтерді ескеруі керек екенін түсіндірді. Ақпарат ағынында жаңалықтар басымдыққа ие, тек тақырыптарды оқитын жаңа типтегі оқырмандар пайда болды.

Осы арналар арқылы оқырмандарды тарту үшін мәтіндер жаңалықтар агрегаторларының және басқа платформалардың талаптарына сай болуы қажет.

Сонымен қатар, ақпаратты әр түрлі арналарда тарату үшін контент көп форматты болуы тиіс, деп есептейді ол. Журналист сонымен қатар өз мәтіндерін әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ілгерілете білуі керек.

SputnikPro білім беру жобасының жиырма екінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

Загрузка...

Басты тақырып