05:46 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

Sputnik Қазақстан 24 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

24 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР

10.00 – "Қасиетті география: ғарыш пен уақытты зерттеудің көпсалалы тәсілі" онлайн-конференция (Ұлттық музейдің Instagram-дағы ресми парағында көрсетіледі – @nationalmuseumkz-де).

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жекешелендіру бағдарламасын іске асыру" тақырыбында онлайн-брифинг. Спикер: "Самұрық-Қазына" қорының активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі бірлескен басқарушы директоры Ержан Тұтқышев. Тіркелетін уақыт: 23 қыркүйек сағат 18-00 дейін. Тіркелуге арналған байланыс: press@sk.kz, +7 700 545 02 01. Ескерту: трансляцияға сілтеме тікелей акредиттелген журналистерге жіберіледі.

13.00 – Мәскеу - Ереван - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі форматында "Бүкіл әлемдегі оқушылар, студенттер мен жас ғалымдар ресейлік университеттердің қолдауын қалай алып жатыр" деген тақырыпта дөңгелек үстел. Бейнекөпірдің тікелей трансляциясы Sputnik Қазақстан сайтында және Facebook парақшасында қолжетімді болады. Дөңгелек үстелге қатысушыларға сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

19.20 - Yesterday ағылшын тіліндегі фильмнің тегін көрсетілімі (Hide Park, Тимирязев көшесі, 42).

25 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

16.00 - SputnikPro білім беру жобасының "Егер БАҚ-та жұмыс істесең, БАҚ-ты қалай насихаттауға болады" деген тақырыптағы онлайн сессиясы. Шеберлік сағатында "Россия сегодня" медиа тобы баспасөз қызметінің жетекшісі Анна Старкова неліктен релиз жазбау керек және не үшін жеке әлеуметтік желіңді дамыту қажет деген сұрақтарға жауап береді. Мына сілтеме арқылы модулге қатысу үшін тіркелуге болады.

19.00 (АЛМАТЫ) - "Лампы Оркестра" тобының автоконцерті. "Тикетон Атакент" автокинотеатры, Тимирязев көшесі, 42к22 (Өтепов көшесі жағынан кіру керек).  

19.30 (АЛМАТЫ) - Nasiafromasia & Ерғали Мұсабай өнер көрсетеді (Музкафе, Абай даңғылы, 117. Байланыс телефондары: +7 (727) 258 37 77, +7 776 258 37 77).

26 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

19.00 - Q-POP Parking Live концерті. Іс-шара ашық аспан астында жаңа форматта өтеді. Сахнада танымал қазақстандық Q-POP әртістері өнер көрсетеді: Madmen, Crystalz, Kyle Ruh, Мәди Рымбаев, Alba, Zineken ("Алматы Арена" мұз кешені, Aлғабас-1 7 шағын ауданы).   

27 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

12.00 – "Фатима ханша камзолы" видео туры (Ұлттық музейдің Instagram-дағы ресми парағында көрсетіледі – @nationalmuseumkz-де).

19.00 – Медицина қызметкерлеріне арналған онлайн-концерт. Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Almaty Creative YouTube арнасында қазақстандық эстрада әншілері: Қайрат Нұртас, KeshYou тобы, "МузАрт", Mad Men өнер көрсетеді.

21.00 – "Қазағым-ай" онлайн-концерті. Шетелдегі отандастарды қолдау мақсатында "Ұлы дала елінен" жобасы аясында ұйымдастырылған.

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Kazakhstan Security Systems2020 қазақстандық қауіпсіздік жүйесінің қауіпсіздігі бойынша онлайн конференция. Бағдарламаға аясында заманауи бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, банк және қаржы салаларындағы қауіпсіздік шаралары қамтылады. Конференцияға 50-ден астам қатысушы компаниялар қатысып, 18 онлайн іскерлік іс-шаралар өтеді. Қатысу тегін (kss-expo.kz сайтында тіркелу).

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып