07:14 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Sputnik Қазақстан 20 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Милости просим, господа неверующие!" архивтік қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

21 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.30 – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы – "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (бұдан әрі – "ҚИК") мен Tengri Partners Investment Banking ұйымымен бірлесіп жүзеге асыратын, ипотекалық портфельді (тұрғын үй ипотекалық бағалы қағаздар) траншты секьюритизациялау бойынша Қазақстан тарихындағы жергілікті мәміленің тұсаукесері. Спикерлер, соның ішінде KIC басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов пен Tengri Partners Investment Banking басқармасының төрағасы Әнуар Үшбаев. Олар Қазақстанда қолданылатын ең жақсы әлемдік тәжірибе мен республикадағы секьюритилендірілген ипотекалық облигациялар нарығын дамытуға бастамашылық ететін мәміленің дайындалуы және құрылымы туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Байланыс телефондары: +7 (727) 344 12 22 (ішкі тел. 1263), +7 707 261 11 62).

11.00 – Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың онлайн брифингі. Брифинг "Адам саудасына қарсы іс-қимыл барысы туралы" тақырыбында өтеді.

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандағы онлайн корей кинофестивалі (@ kaz.korean.culture)

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Kazakhstan Security Systems2020 қазақстандық қауіпсіздік жүйесінің қауіпсіздігі бойынша онлайн конференция. Бағдарламаға аясында заманауи бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, банк және қаржы салаларындағы қауіпсіздік шаралары қамтылады. Конференцияға 50-ден астам қатысушы компаниялар қатысып, 18 онлайн іскерлік іс-шаралар өтеді. Қатысу тегін (kss-expo.kz сайтында тіркелу).

 30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып