21:26 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
93 0 0

Sputnik халықаралық агенттігі және радиосы SputnikPro жобасын жалғастырады. Вебинарға қатысуға қазақстандық журналистер, медиаменеджерлер мен блогерлер шақырылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. SputnikPro жобасының "Беларусь еліндегі жағдай кезінде дәстүрлі медиа Telegram-нан қалай ұтылды" деген онлайн-сессиясы жұма, 4 қыркүйек сағат 16.00-де өтеді (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Шеберлік сағатын Sputnik мультимедиалық орталықтары бөлімінің басшысы Армен Гаспарян өткізеді. Ол дәстүрлі БАҚ Беларусьтегі жағдайға неге дайын болмағанын айтып береді.

Армен Гаспарян
© Photo : Алексей Пономарев
Армен Гаспарян

Вебинарға мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.

SputnikPro "онлайн-маусымды" наурыз айының ортасында ашты.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – бұл Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналистеріне, кәсіби жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметінің қызметкерлері мен медиа менеджерлерге арналған, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған жоба. Жоба модулінің менеджерлері Sputnik бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ басқа да ресейлік танымал журналистер мен сарапшылар болады. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін бірнеше елде шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізді.

Загрузка...

Басты тақырып