Аңдатпа

Қазақстанда 26 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

26 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 - Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция. Конференцияға әділет министрі Марат Бекетаев, Тұңғыш президент – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, парламент сенатының депутаты Қанатбек Сафинов, мәжіліс депутаты Светлана Бычкова, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасының сарапшылары қатысады (Аккредитация: saulen.n@zqai.kz, 8 701 120 84 06).

12.20 - LIDER Z жобасы аясындағы "Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа бағдарламалар туралы" ОКҚ брифингі. Спикер: ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, "Ерекше Таңдау-Шелек" КҚ бағдарламалық директоры Захира Бегалиева, IT-жобаның қатысушысы Максим Северьянов (Трансляция YouTube, Facebook желілерінде жасалады).

29 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

16.00 – Еңбек сіңірген медицина қызметкері Нұрлан Батпеновті еске алуға арналған көрме (Қазақстан Ұлттық музейінің парақшасында трансляция жасалады - @nationalmuseumkz).

30 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Конституцияның құрылымы мен тарихы" онлайн-экскурсиясы (Қазақстан Ұлттық музейінің парақшасында трансляция жасалады - @nationalmuseumkz).

1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы.

11.00 - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0