Аңдатпа

Қазақстанда 21 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевАстананың қазіргі көрінісі
Астананың қазіргі көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 21 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 22-24 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

21 сәуірге жоспарланған шаралар

09:00 – үкімет отырысы. Күн тәртібінде — 2020-2025  жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы.

20.00 – Театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хазима Нұғмановамен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында - @musrepov.theatre)

21.00 – әртіс Дастан Оразбековтің онлайн-концерті (Трансляция "Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында).

22 сәуірге жоспарланған шаралар

20.00 – танымал испаниялық Castro Romero би триосынан "Escencia Flamenca" бағдарламасының онлайн-көрсетілімі (Трансляция "Астана Балет" театрының ресми YouTube-каналында).

20.00 – театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденмен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында - @musrepov.theatre).

23 сәуірге жоспарланған шаралар

20.00 – театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадырғазы Қуандықовпен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында - @musrepov.theatre).

24 сәуірге жоспарланған шаралар

20.00 – театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шолпан Сіргебаевамен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында - @musrepov.theatre).

22.00 – Қытай ұлттық балеті бағдарламасының онлайн-көрсетілімі. Бағдарлама 2018 жылы жазда Нұр-Сұлтанда "Eurasian Dance Festival" фестивалінде таныстырылған болатын (Трансляция "Астана Балет" театрының ресми YouTube-каналында).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0