Аңдатпа

Қазақстанда 7 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуПомидоры. Архивное фото
Помидоры. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 7 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 8-29 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

7 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Көктемгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі. Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары мен елорданың тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде картоп, пияз және сәбіздің килограммы 85 теңгеден, қырыққабат 100 теңгеден, сиыр еті 1 700-1 800 теңгеден сатылады ("Аспан Базар" СҮ, Қошқарбаев көшесі, 37).

18.00 – "Махаббат әндері" мерекелік концерті. Тыңдарамандарды опера солистері, "Астана Опера" хоры мен оркестрінің орындауында Халықаралық әйелдер күніне арналған шоу күтіп тұр. Әдемі ханымдарға сыйлық ретінде әлемдік опера классикаларының ариялары, сонымен қатар қазақ, орыс, неаполитандық әндер мен романстар орындалады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 - Россотрудничество өкілдігінің "Любовь без границ" жобасы аясында "Романтикалық оқиғалар" концерті. Алексей Давлетшин – композитор және әмбебап гитарашы, ол әртүрлі стильде тек өз музыкасын орындайды. Алексей Давлетшин жаңа DUET жобасымен Еуропа, Ресей, Азия және Балтық елдеріне гастрольдік сапар жасап жүр.  2019 жылы Алексей Давлетшин бесінші студиялық альбомын шығарды, ал 2017 жылғы алдыңғы альбомды Ресейдің музыкалық сыншылар одағы "2017 жылдың аспапты альбомы" деп таныды. Концертке кіру тегін (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 771 606 5788).

АЛМАТЫ

10.00 – Пан-кавказдық жастар оркестріне қатысу үшін Қазақстанның талантты жас музыканттары конкурстық тыңдау және іріктеуден өтеді. Қазақстаннан басқа Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина және Түркияның жас музыканттары арасында тыңдау өткізіледі. Көрмеге 18-28 жас аралығындағы симфониялық оркестрдің барлық аспабында өнер көрсететін жас музыканттар қатыса алады. Тыңдауға өтініштер 6 наурызға дейін фестиваль сайтында қабылданады (Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория. Байланыс телефоны: +7 (995) 32 22535 81/82/83, e-mail: info@tsinandalifestival.ge).

10.00 – заманауи өнер суретшілерінің "Сегіз жарым" ұжымдық көрмесінің ашылуы. Art Future жобасы ұйымдастырған көрме Қазақстанның 12 суретшісінің басын қосады, олар кескіндеме, графика, фото және видео өнері, мүсін, инсталляция сияқты түрлі техникада, стильде және жанрда 30-дан астам туынды ұсынады. Ашылу рәсімінде жас суретші Дарья Темірхан перфоманс ұсынады. Көрменің қатысушылары: Аурелия Акмуллаева, Бақыт Бүбіханова, Муниса Гулиева, Александра Калачева, Әсел Кенжетаева, Екатерина Никонорова, Мөлдір Сағындықова, Толқын Сакбаева, Зитта Сұлтанбаева, Дария Темірхан, Ғания Шағатаева және Шекер Шакир. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырушылар қазіргі заманғы өнердің процестерін әйелдердің көзімен жеткізгісі келеді. Көрменің мақсаттарының бірі – Қазақстанның жас және болашағы зор суретшілерінің есімдері мен шығармаларын көпшілікке кеңінен насихаттау. Көрме 7 сәуірге дейін жалғасады. (Esentai Gallery, әл-Фараби даңғылы, 77/8. Байланыс телефоны: +7 (700) 120 12 20).

13.00 – "451 градус" әдеби клубында кітап алмасу. Қатысушылар өзара кітап алмасады. Шараға қатысқысы келетіндер 13.00 – 14.00 аралығында келіп, үстелге өз кітаптарын қоюы тиіс. Сағат екіде кітап алмасу басталады. Кіру тегін ("Жібек жолы" сауда үйі, Жібек жолы даңғылы, 135).

8 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Собор Парижской Богоматери" балеті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

20.00 - Қайрат Нұртастың "Хитмен гравитациясы" концерті ("Алматы Арена" спорт кешені).

9 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 - Роза Әлқожаның "Аналардың анасы" концерті ("Астана" концерт залы, Бейбітшілік көшесі, 1/1).

12 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Симфониялық музыка концерті. Дирижер Рикардо Казеро (Испания). ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

20.00 – Metallica Show S&M Tribute симфониялық оркестрмен Metallica S&M Show – рок музыкасы мен симфониялық оркестрді біріктіретін әлемдік шоу. Әлемдік тур Мексика, Чили, Франция, Германия, Чехия, Литва, Латвия, Беларусь, Ресей және басқа елдерді қамтиды. (Қазмедиа орталығы, Қонаев көшесі, 4).

АЛМАТЫ

11.00 - "ZooСад 2020" халықаралық көрмесі. Көрмеде жем-шөп пен тәттілер; ветеринарлық препараттар мен тағы басқа қызметтер ұсынылады. 13 наурызда көрме сағат 09.45-тен 15.00-ге дейін жұмыс істейді; 14 наурыз – 13.00-14.00. (Grand Park СОК, Қабдолов көшесі, 1).

14 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - Қазақстан Қарулы Күштері  Ұлттық әскери-патриоттық орталығының "Сиқырлы таяқшаның күші" концерті (Республика даңғылы, 2. Байланыс телефоны +7 (776) 153 79 78).

АЛМАТЫ

"Весенний Алмакот 2020" халықаралық мысықтар көрмесі (Forum сауда және ойын-сауық орталығы, Сейфуллин даңғылы, 617. Байланыс телефоны: +7 701 783 56 05).

15 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - "Созвучие весенних струн" концерті. Айнұр Камалова (арфа), Зынхар Ахметбек (скрипка), Наталья Керносова (фортепиано), Ислам Әлиев (гобой), Балнұр Құдайберген, Айжан Ермұханова, Талшын Кешілбаева (скрипка), Олеся Морозова, Саид Мамиев (альт), Нұрисламбек Жұматов, Мағжан Сағади (виолончель). Жетекші – Ақерке Әли. ("Астана Опера" театры).

16 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Корей мәдениеті күндері аясында "DMZ: қарусыздандырылған аймақ" фотокөрмесінің ашылуы. Көрмеде 24 фотожұмыс ұсынылады. Көрме 2 мамырға дейін жұмыс істейді. (Корей мәдениет орталығы, Иманов 13 көшесі).

19 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған "Шәмші әлемі" концерт-қойылымы. Жоба авторы - композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, "Болашақ" бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, АҚШ). Барлық ән "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалады. Қойылымның режиссері – Димаш Құдайбергеннің Кремлдегі шоуын және басқа да фестивальдер мен концерттерді қойған Андрей Еремин (Украина). ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

21 наурызға жоспарланған шаралар 

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Ұлы дала мұрасы" концерттік бағдарламасы ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

25 наурызға жоспарланған шаралар 

АЛМАТЫ

18.00 - Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің "Сен маған сүюді үйреттің" атты шығармашылық кеші ("Алатау" концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).

29 наурызға жоспарланған шаралар 

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблінің "Әз-Наурыз келгенде" концерті ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0