00:07 02 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
417 0 0

Sputnik Қазақстан 4 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 5-8 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

4 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – "Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен" көрмесі ашылады. Шара Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Қонақтардың назарына Елбасының жеке архивінен алынған құжаттар мен фотосуреттер, Тұңғыш президенттің қоғамдық марапаттары сияқты Елбасы кітапханасы жинақтарының материалдары ұсынылады. Көрме 27 сәуірге дейін жалғасады (Елбасы кітапханасы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1).

17.00 – "Василий Поленов и художники его круга" көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 701 054 7177).

19.00 – "Кармен" операсы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.30 – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында алғаш рет SounDrama жанрындағы жаңа спектакльдің премьерасы өтеді. Қойылым режиссері – "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали. Премьера алдында "Nomad"  каскадерлық және "Мемлекеттік цирк" ат акробатикалық артистерінің қатысуымен іс-шара өтеді. Бұдан бөлек, театр фойесінде "Қазақта Құлагерді көп айтады..." атты галерея ұйымдастырылады. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық кітапханасы мен Қазақстан мемлекеттік орталық музейінің жәдігерлерінен көрме ұсынылады (Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абылай хан даңғылы, 38).

5 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – Голландиялық суретші Николь Карстентің "Ақиқатты іздеу" атты көрмесі (Kazarian Art Center, Станкевич көшесі, 59. Байланыс телефоны: +7 747 270 67 80).

6 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – Қазақстан – Нидерланды арасында Дэвис кубогінің іріктеу матчы өткізіледі. Дэвис кубогі – ғасырлық тарихы бар ерлер теннисінен ең ірі халықаралық командалық жарыс. Қазақстанның ерлер командасы Чехия (2011), Австрия (2013), Бельгия (2014), Италия (2015), Швейцария (2018) сынды беделді командаларды жеңіп, турнирдің ширек финалына бірнеше рет шықты. 2019 жылы Португалия құрамасын жеңгеннен кейін біздің команда 18-24 қарашада Мадридте жаңа форматта өткен Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жетті. Испания астанасында Қазақстан құрамасы алғашқы ойын күнінде Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ ақтық кезеңге шыға алмады. Ұлыбританиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 6 және 7 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен тағы да кездеседі. Бұл Дэвис кубогінің финалына шығу үшін жақсы мүмкіндік ("Дәулет" СК, Тұран даңғылы, 4/2. Байланыс телефондары: +7 (702) 947 80 53, +7 (776) 153 79 78).

19.30 – "Астана Балет" астаналық театры жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-балет сахналанады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

7 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – Пан-кавказдық жастар оркестріне қатысу үшін Қазақстанның талантты жас музыканттары конкурстық тыңдау және іріктеуден өтеді. Қазақстаннан басқа Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина және Түркияның жас музыканттары арасында тыңдау өткізіледі. Көрмеге 18-28 жас аралығындағы симфониялық оркестрдің барлық аспабында өнер көрсететін жас музыканттар қатыса алады. Тыңдауға өтініштер 6 наурызға дейін фестиваль сайтында қабылданады (Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория. Байланыс телефоны: +7 (995) 32 22535 81/82/83, e-mail: info@tsinandalifestival.ge).

13.00 – "451 градус" әдеби клубында кітап алмасу. Қатысушылар өзара кітап алмасады. Шараға қатысқысы келетіндер 13.00 – 14.00 аралығында келіп, үстелге өз кітаптарын қоюы тиіс. Сағат екіде кітап алмасу басталады. Кіру тегін ("Жібек жолы" сауда үйі, Жібек жолы даңғылы, 135).

8 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Собор Парижской Богоматери" балеті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, наурыз, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып