Аңдатпа

Қазақстанда 15 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана, город сверху
Виды Нур-Султана, город сверху - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 15 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 16-29 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 - "Лифт" спектаклі ("Жастар" театры).

18.00 - "Язычники" драмасы (Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

19.00 - LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші өткізіледі. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол "Х-фактор", "Қазақстан дауысы", Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

АЛМАТЫ

15.00 - "Стань волшебником" интерактивті шоуы. Режиссер, арт-терапевт — Татьяна Захарова (La Bohême театры, Зенков көшесі, 24).

18.30 - Сергей Рахманинов музыкасының кеші. Бас орындаушы — Қазақстанның халық әртісі Гүлжамилә Қадырбекова, сондай-ақ, Майа Сепп, Игорь Олексенко, Анна Мельникова және Марина Алтухова халықаралық курсының лауреаттары (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 (701) 751 89 85).

17 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Нұр-Сұлтан әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының "Қорқыт" этно ансамблі алғаш рет 75 шығарма орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына кіруді жоспарлап отыр. Акция Алтын Орданың 750 жылдығына қарсаңында өткізіледі (Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Almaty Symphony Orchestra: "Вивальди & Пьяццола – Времена года" концерті ("Қазақстан" орталық концерт залы. Аккредитация: +7 747 134 04 99, aurorapr.me@gmail.com).

АЛМАТЫ

11.00 - Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Отан қорғаушы күніне орай генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшіліктің қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды ("Жерұйық" саябағы). +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

АЛМАТЫ

09.00 - Қысқы жүгіру. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа - 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан басталады). 

12.00 – "Шетелдегі жеке мектептер" көрмесі. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады ("Ritz Carlton Almaty" отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - "Astana Ballet presents" жобасы. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді - "Concerto Barocco", "A Journey of Memory", "Love’s Lost Idols" ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – "Шектеусіз" қайырымдылық байқауы. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0