Аңдатпа

Қазақстанда 28 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды  Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 28 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 29-30 қараша және 1-8 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.30 - Dell Technologies Forum. Форум Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және цифрлық трансформацияның өзекті мәселелерін талқылау үшін еліміздің IT саласының және әлемдік деңгейдегі 250-ге жуық жетекші сарапшысы бас қосады. ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 4. Байланыс: +7 (727) 239 11 33, +7 775 325 12 54, malika.karimova@hkstrategies.com).

10.00 – "Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу" тақырыбында үкімет сағаты өтеді (Сенат отырысының залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

10.00 – "Діни сала мәселелерін БАҚ-та жариялау" оқыту тренингі өтеді. Шара аяқталған соң қатысушыларға сертфикаттар беріледі ("Royal Park Hotel & SPA" отелі. Аккредитация +7 701 218 76 56 телефоны немесе timur_j@mail.ru электрондық поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – "ДОМ-Строй-Экспо.SmartСity-2019" XII халықаралық көрмесі өтеді. Көрме Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс саласын дамыту мәселелеріне арналған ("Көрме" көрме орталығы, Достық көшесі, 3. Аккредитация +7 778 456 09 99 телефоны немесе meruert_1968@mail.ru электрондық поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – ҚР ұлттық паралимпиада комитеті конференциясының отырысы өтеді. Шараға мәдениет және спорт министрі мен ұлттық олимпиада комитетінің президенті қатысады (Паралимиада жаттығу орталығы, Қараөткел шағын ауданы, Ақшоқы көшесі, 2. Байланыс: +7 (701) 999 41 92; 79-04-13 (сыртқы 112), e-mail: pr@paralympic.kz).

11.00 – "Қазавтожол -Kaztraffic 2019" көрмесінің ашылуы. Көрмеде дәстүрлі түрде заманауи ғылыми-техникалық әзірлемелер және Қазақстан, Беларусь, Ресей, Франция, Германия, Түркия, Қытай және басқа да елдердің 100-ден астам жетекші компаниясының өнімдері ұсынылады. ("Көрме" орталығы, Достық көшесі, 3).

11.00 –  «Латын графикасын енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» жиыны өтеді. Семинар-кеңестің негізгі тақырып: "Латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың рөлі" (Нұр-Сұлтан қаласы, Еуразия гуманитарлық институты, Мағжан Жұмабаев көшесі, 4, бас ғимарат, акт залы, 3-қабат. Байланыс: 27 71 33, 27-30-43, 27-71-38, ұялы тел: 8 775 818 27 72, 8 701 897 50 47).

15.00 – Депутаттар президент жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен кездеседі. Кездесуде ауыл шаруашылығы жағдайы мен даму қарқыны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер сөз болады (Сенат. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

19.00 – "Music d’accordo Astana" концерті өтеді ("Астана Опера" театры).

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші туры аясында "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

Алматы

09.30 – "Транзит дәуіріндегі медиа-нарық" атты Қазақстанның БАҚ нарығын дамыту мәселелері жөнінде XII конференция өтеді ("Doubl Tree by Hilton Almaty" отелі, Досмұхамедов көшесі, 115. Байланыс телефоны: +7 701 777 98 06).

10.00 – "Балалар құқығы және Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы" баяндама жобасын талқылау өтеді. Оны еліміздің қоғамдық ұйымдарының экофорумы әзірлеген (Казақ-Неміс университеті, Назарбаев даңғылы, 173. Байланыс телефоны: +77072171727, электрондық мекенжай: secofund@gmail.com).

10.00 – "Послесловие" атты арт-жоба өтеді. Шараны фотограф Нато Ли ұйымдастырады (Казақ-Неміс университеті, Назарбаев даңғылы, 173).

29 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – Энергия үнемдеу бойынша II Халықаралық форум. Форум жұмысына шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысады. Халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында сурет салудан балалар арасында республикалық конкурс жарияланған. Ал мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергия үнемдеуші бюджеттік мекеме" байқауы басталды. Екі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі – 10-25 қараша. (Hilton Astana қонақ үйі. Аккредитация: +7 (701) 714 88 68).

10.00 – Парламент сенатында "Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, мәселелері және ұсыныстары" тақырыбында тыңдаулар өтеді (Сенаттың отырыс залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

16.00 – "Не просто кино" атты халықаралық қысқа метражді фестиваль өтеді. Шараны қазақстандық Vosmerka сайты мен Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі ұйымдастырады. Халықаралық фестиваль аясында Татарстан, Чуваш, Якутия, Қазақстан кинорежиссерлерінің фильмдері көрсетіледі. Шараға арнайы қонақ ретінде танымал кино сыншысы, халықаралық қысқа метражді фестиваль бағдарламаның директоры (Қазан) Адиля Хайбуллина  қатысады. Халықаралық фестиваль 28 қазан мен 22 желтоқсан аралығында өтеді (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 701 261 39 64, +7 707 835 14 92).

18.30 – БҰҰ-ның "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар" науқанына арналған сурет көрмесі (TSE Art Destination, Республика даңғылы, 33А.).

19.00 –"Князь Игорь" операсы. Аталған шара Дмитрий Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аясында ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

30 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижері Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.45 – "WoW БИ ChamP" II Республикалық хореографиялық өнер байқауы ("Гранд Парк" СОК, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 707 157 60 77).

1 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - XII жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Шараны ұйымдастыруға елшіліктер мен халықаралық ұйымдар қолдау көрсетеді. Жиналған қаржы табысы төмен отбасыларға біріліп, Қазақстандағы қайырымдылық қорларына аударылады ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 67 07 77).

11.00 - "Чердак с привидениями" шоуы өтеді (Қазмедиа Холл, Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +77051659018).

18.00 – Astana Ballet ұлттық хореография кеші өтеді. "Ұлы дала мұрасы" атты концерттік бағдарлама қойылады. Сондай-ақ концерт аясында бір актілі "Жусан" спектілі көрермендерге жол тартпақ ("Астана Балет" театры, Ұлы дала даңғылы, 9. Байланыс телефон: +7 702 947 80 53).

19.00 – "Turan" ансамбілінің концерті өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

3 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – Еуразия шығармашылық гильдиясының кездесуі өтеді. Кездесуде Евгения Сихимбаева "Киану Ривз. Неоконченный портрет. Часть 1" кітабы туралы баяндап, шараны ұйымдастырушылар Брюссельде OEBF әдебиет фестивалін қорытындылайды ("Жібек Жолы" сауда үй", "451 Градус", Жібек Жолы даңғылы, 135).

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0