Аңдатпа

Қазақстанда 21 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© AP Photo / Sergei GritsВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 21 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 22–30 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

21 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғындарды қабылдайды (Қабанбай батыр даңғылы,  32/1). 

10.00- Сенат отырысы өтеді (Сенаттың отырыс залы, Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

10:00  - Ұлы ойшыл, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы"  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.  Конференцияға белгілі ғалымдар, өнертанушылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, жақын шет елдерден (Ресей, Украина, Түркия) және Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген оқытушылар мен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады. Конференция барысында "Qazaq Ballet" ғылыми-көпшілік журналының арнайы шығарылымының тұсаукесері өтеді деп жоспарланып отыр (өтетін орны: Ұлы Дала даңғылы, 9, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Байланыс телефоны :  8(717) 279-08-57,е-mail: otdel_nauka16@mail.ru).

10.30 – Mixer Bar Show Qazaqstan. Ірі мейрамхана иелері мен әлемге әйгілі ішімдік брендтерінің негізін қалаушылар жаңа трендтер жайлы айтады ("Думан" қонақүй кешені, Қорғалжын тасжолы, 2А)

11.00 -  Қазақстанның құрылысшылар одағы құрылыс саласындағы проблемаларға арналған жиын ұйымдастырады. Құрылыс компанияларының директорлары, мердігер ұйым өкілдері, құрылыс материалдарын өндірушілер қатысады. Жиында астанадағы Қазақстан құрылысшылар одағының филиалы ашылады (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел, 8, 10 кіреберіс.  Телефон: +7 702 000 58 07).

12.20 – Жастардың президенттік кадрлық резервіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді (Орталық коммуникациялар қызметі, аккредитация: +7 (7172) 55 93 47 немесе sck.astana@gmail.com).

15.00 – Бірыңғай (ұлттық) қабылдау күні. Қатысушылардың сауалына Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап береді (Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, телефон: +7 (7172) 74 37 98).

15.00 – Астанада қыс уақытында жарақаттың алдын алуға арналған баспасөз мәслихаты өтеді (Әкімдіктің баспасөз орталығы, Бейбітшілік көшесі, 11).

16.20 – Қазақстандағы экологиялық қайта өңдеу кәсіпорындарының проблемалары мен болашағына арнлаған баспасөз мәслихаты болады (Орталық коммуникациялар қызметі, аккредитация : +7 (7172) 55 93 47 немесе  sck.astana@gmail.com).

19.00 – Белгілі қазақстандық композитор Бауыржан Ақтаевтың "Көшпенділер рухы" концерті ("Қазақстан" ОКЗ).

АЛМАТЫ

10.00 – 11-рет халықаралық пластмасса индустриясының көрмесі өтеді ("Атакент" орталығы. Байланыс телефоны: +7 (727) 266 36 80

10.00 – Алтай өңірі кәсіпорындарының өкілдерімен іскерлік кездесу өтеді ("Қазжол" қонақүйі, Гоголь көшесі, 127/1. Аккредитация: almatycci@gmail.com).

11.00 – Apple Digital Lab цифрлық зертханасының ресми ашылуы ("Тұран" университеті, Сәтпаев көшесі, 16а, аудитория 218. Аккредитация : +7 701 798 06 08).

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

13.50 – Сенат комитетінің өкілдері Тайынша ауданындағы ТОО BioOperations зауытында болады (Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 40).

14.15 - Сенат комитетінің өкілдері  ТОО EMC Agro ет комбинатына барады (Телефон: +7 (7172) 74 72 40).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30- XIV корпоративті заңгерлердің қазақстандық форумы өтеді ("Rixos President Astana" қонақ үй. Аккредитация +7 701 722 77 66 телефоны немесе pr@vipromotion.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15.30 – "Ботай – жылқы қонысы" тақырыбында Ақмола облысы туралы дәріс ұйымдастырылады ("Жастар сарайы", Республика даңғылы, 34).

18.00 - Fashion Night Astana. Шара аясында Joy Jeans, Volskaya, Вэlkovna, Kamai, ShakerBay, L23 атты дизайнерлердің жаңа жылдық жаңа киім үлгілері қойылады. Кештің қонағы мәскеулік дизайнер – ERMA (St. Regis қонақ үйі, Қабанбай Батыр даңғылы, 1. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Коппелия" балетінің премьерасы өтеді. Хореография Ролан Пети. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

10.00 – 11-рет халықаралық пластмасса индустриясының көрмесі өтеді ("Атакент" орталығы. Байланыс телефоны: +7 (727) 266 36 80).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

23 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Мечтатели" атты инклюзивті мюзикл қойылады. Сахнада мүмкіндігі шектеулі балалар өнер көрсетеді (аутизм, сал ауруына шалдыққан, ақыл-есі кем, Даун синдромы). Шараны "КИТ" инклюзивті театры ұйымдастырады (Назарбаев Университеті, Синема Холл. Байланыс телефоны: 8 (708) 956 2840).

19.00 – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы, үлкен симфониялық оркестрі және Ne Prosto Orchestra хорының қатысуымен концерт ұйымдастырылады. Концертте "Армагеддон", "Индиана Джонс", "Парк Юрского Периода", "Леон", "Реквием по мечте", "Рокки", "Список Шиндлера", "Терминатор", "Темный рыцарь", "Маска", "Матрица", "Титаник" және тағы басқа голливуд киноларының әуендері ойналады (Конгресс-холл).

АЛМАТЫ

20.00 – Magic Almaty халықаралық иллюзионистер фестивалі өтеді. Онда танымал иллюзионистер 4 номинация бойынша: комедия магиясы, үздік сахналық көрсетілім, үздік манипулятор, үздік ментализм бақтарын сынайды (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

24 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка духовых и ударных инструментов" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 –"Приношение Бетховену" концерті өтеді. Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті тыңдармандарға жаңа концерттік бағдарламаны ұсынады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

25 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстанның жиһаз кәсіпорындарының съезі (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 (777) 624 16 50).

26 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Травиата" операсы. Либреттоның авторы – Франческо Мария Пиаве. Дирижер – Аида Абдуллаева, қоюшы-режиссер – Хеннинг Брокгауз, режиссердің көмекшісі – Еренбак Тойкенов. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

27 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Суретші Бейісбековтер әулетінің көрмесі. Көрмеге отбасының 70-ке жуық шығармасы шығарылады. Әулетте жеті адам – Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, бесеуі – Қазақстан қолөнершілері одағының мүшесі (ҚР Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 – Танымал сазгер Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші. Композитордың музыкалық шығармаларын халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Әмір Тебенихин таныстырады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – AIF-2019 - Алматы инвестициялық форумы (Ritz Carlton Astana қонақ үйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Аккредитация +7 (708) 777 7005, +7 (701) 250 28 86 телефондары арқылы жасалады).

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші турының "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

29 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – энергия үнемдеу бойынша II Халықаралық форум. Форум жұмысына шетелдік сарапшылар, мемлекеттік органның өкілдері, халықаралық қаржы институттар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысады. Халық арасында энергияны үнемдеуді насихаттау мақсатында сурет салудан балаларды арасында республикалық конкурсы жарияланған болатын. Ал мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергия үнемдеуші бюджеттік мекеме" байқауы басталды. Екі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі – 10-25 қараша. (Hilton Astana қонақ үйі. Аккредитация: +7 (701) 714 88 68).

19.00 –"Князь Игорь" операсы. Аталған шара Дмитрий Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аясында ұйымдастырылады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

30 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижеры Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0