Аңдатпа

Қазақстанда 10 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столицы
Виды столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 10 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 11-15 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

10 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар" тақырыбы бойынша қалалық туризмге арналған VIII Жаһандық саммит. Саммиттің ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының әкімідігі және Бүкіләлемдік туристік ұйымы (ООН – UNWTO) (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік, 52.

Аккредитация еpress@astana.kz электронды поштасы немесе +7 (7172) 55 64 21 телефоны арқылы жасалады).

09.30 – "Қауіп, тиімділік және тұрақтылық" тақырыбында конференция өтеді. Онда мемлекеттік басқару мәселелері, Орталық Азиядағы экономикалық мәселелер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары және тағы басқа мәселелер талқыланады (Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53. Байланыс телефоны: +7 (7172) 69 45 91).

10.00 – ҚР Парламенті сенатының отырысы (Парламент сенатының ғимараты, Мәңгілік ел даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39).

15.00 – ҚР парламенті сенатында "Педагог мәртебесі туралы" және "Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені азайту жөнінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгірістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасының таныстырылымы өтеді (Парламент сенатының ғимараты, Мәңгілік ел даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39).

АЛМАТЫ

10.00 – Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні қарсаңында Халықаралық банк медиабрифинг өткізеді. Орталық Азиядағы халықаралық банктің экономисі Уилльям Зейтц өңірдегі кедейшілік мәселесі жөнінде жасаған зерттеу жұмысының қорытындысымен бөліседі. Зерттеу жұмысында басымдық Қазақстанға берілген (Халықаралық банк офисі, Қазыбек би көшесі, 41 А. Байланыс телефондары: +7 (7172) 76 98 56, +7 702 578 78 27).

15.00 – Made in Germany – EEGERU Connect халықаралық музыка фестивалі өтеді. Шараға қатысушылар Garage, Eegeru музыка топтарымен, Сергей Невский, Бригитта Мунтендорф атты композиторлармен кездесе алады (Forum Almaty сауда – ойын-сауық орталығы).

17.00 – Ересектер мен жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді. Шараға 15 елдің спортшылары қатысады. Турнирді "Денис Тен қоры" қоғамдық қоры ұйымдастырады. Спорттық шара 4 категория бойынша өтеді: ерлер мен әйелдер, жұптық сайыс, мұзда билеу. Халықаралық турнир Олимпиада жүлдегері, атақты қазақстандық фигурист Денис Теннің еске алуға арналған. Жарыс аясында мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен Гала-шоу да ұйымдастырылады ("Халық Арена" спорт кешені. Байланыс телефондары: +7 777 674 76 50, +7 (727) 239 11 33).

ҚАРАҒАНДЫ

11.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында педагог, профессор Смирнов "Основы техники русской речи на сцене" шеберлік сағатын өткізеді (Станиславский атындағы орыс драма театры, Мир көшесі, 19/1).

11 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Қазақстанның үздік тауары" республикалық конкурс көрмесі өтеді. Оған түрлі салада жұмыс істейтін 153 тауар өндіруші (әр өңірден 9 компания қатысады) қатысады. Сондай-ақ форум мен "Ұлы Дала Елі" қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді.

11.00 – Ресей баспа үйінінен шыққан кітаптар көрмесі салтанатты түрде ашылады (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны +7 (7172) 32 28 40).

15.00 – ҚР парламенті мәжілісіндегі "Народные коммунисты"фракциясы кеңейтілген отырыс өткізеді. Шара аясында "Педагог мәртебесі" заң жобасы талқыға салынады (Hilton GardenInn қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 15. Байланыс телефондары: +7 (7172) 77 91 73, +7 775 316 26 64).

19.00 – Фридрих Шиллердің драмасы бойынша "Дон Карлос" операсының тұсауы кесіледі (Астана Опера театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – Қайырымдылық концерті өтеді (Windham Garden Astana қонақ үйі, Хусейн бен Талал көшесі, 25. Байланыс телефоны: +7 778 544 27 62).

20.00 – Алла Духованың TODES балеті "Продолжение" атты жаңа би спектаклінің премьерасы өтеді (Nomad City Hall, Мәңгілік ел даңғылы, B2.3).

АЛМАТЫ

08.30 – медицина мекемелерінің ІТ- директорларына, басшыларына арналған конференция өтеді ("Holiday Inn" қонақ үйі, Тимирязев көшесі, 2Д. Байланыс телефоны: +7 (747) 094-05-75).

11.00 – "Эфес Қазақстан" компаниясы арнайы шара ұйымдастырады. Шара аясында бүркіттер жабайы ортаға жіберіледі ("Сұңқар" орталығы, трасса Алматы – Алма-Арасан трассасы, 8-шақырым. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны арқылы және akparat@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Study UK британ білім беру көрмесі (Rixos President Hotel, Қонаев көшесі, 7).

18.30 – Режиссер П. Лунгиннің "Дирижер" көркем фильмінің көрсетілімі (Тең апостолдар Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталық, кіші концерт залы, Күйші Дина көшесі, 27/1).

18.00 - Must see in Astana Ballet. Бұл кеште "Астана Балет" көрермендерге бір актілі балетті ұсынады: У. Форсайт қоятын "In the Middle, Somewhat Elevated" және Оскар Уайльдтың пьесасы негізінде "Саломею", мұнда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри хореограф ретінде өнер көрсетеді (Astana Ballet театры).

АЛМАТЫ

11.00 – Ресейдің Қазақстандағы күндері аясында Ресей Федерациясы мәдениет министрлігінің қолдауымен "Дәстүрлі діндер халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдайды" ғылыми-практикалық конференциясы (Рухани-мәдени әкімшілік орталығы, Әшімбаев көшесі, 26, Тақ залы).

14.00 – Димаш Құдайбергеннің DQ Scent of Music парфюмдер желісінің ресми таныстырылымына арналған салтанатты шара. Іс-шараға қатысатындар: Димаш Құдайберген, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Vincent Chevalier - француз парфюмері, Дәулет Омарқұлов – компания директоры, сонымен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздары ("MEGA" сауда орталығы, Розыбакиев көшесі, 273. Байланыс телефондары: + 7 (727) 317 19 95, +7 (747) 208 93 34). 

13 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Қазақстан-Бельгия матчы. Квалификация аясындағы алғашқы кездесу Брюссельде 3:0 есебімен Бельгия құрамасының жеңісімен аяқталды. "Астана-Арена" стадионындағы қарымта ойында Михал Билектің шәкірттері лайықты футбол көрсетіп, қарсыласынан ұпай алуға тырысады. ("Астана Арена" стадионы, Тұран көшесі, 48).

АЛМАТЫ

08.00 – Алматы жартылай марафоны, бұл Алматы марафонына дайындықтың келесі кезеңі. (Тұңғыш президент саябағы. Байланыс телефоны: +7 (727) 311 5185).

09.00 – Almaty Challenge жарыстар сериясының соңғы 4 кезеңі. (Алматы ипподромы, Омарова көшесі, 10А).

14 қазанға жоспарланған шаралар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

11.50 – Қызылорда облысында орналасқан "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өндірістік нысандарына пресс-тур. Көшпелі шарада "Семізбай-U" ЖШС, "Солтүстік Хорасан-U" БК" ЖШС, "Байкен-U" ЖШС өндірістік алаңдарына экскурсия, уран кендерін өндіру процесімен танысу, сонымен қатар атом өнеркәсібі сарапшыларымен кездесу жоспарлануда. (Байланыс телефондары: +7 775 809 5000, +7 (7172) 72 80 62).

15 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Онкология саласындағы лидерлердің дүниежүзілік саммиті. 2019 жылғы саммиттің тақырыбы – "Қатерлі ісік және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту". Саммит жұмысына қатерлі ісікке қарсы күресіп жүрген 350-ден астам лидер қатысады. Бұл жоғары қызметтегі әлемдік лидерлер, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және әлемдік БАҚ өкілдері. Форум үш күнге созылады. (Hilton Expo Hotel және "Expo Астана" конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 701 705 78 76).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0