https://sputnik.kz/20260512/shymkentte-sottalushy-zhumys-istemeytin-kolledzhge-studentter-qabyldau-skhemasyn-uyymdastyrgan--63341251.html
Шымкентте сотталушы жұмыс істемейтін колледжге студенттер қабылдау схемасын ұйымдастырған
Шымкентте сотталушы жұмыс істемейтін колледжге студенттер қабылдау схемасын ұйымдастырған
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де байланысы бар тұлғалар қатысқан 12.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-12T09:17+0500
2026-05-12T09:17+0500
2026-05-12T09:22+0500
шымкент
колледж
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Шымкентте білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.Тергеу амалдарына сай, 2018–2023 жылдар аралығында "Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ЖШС мен "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі" ЖШС құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған.Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де байланысы бар тұлғалар қатысқан.Схема жалған оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтарды рәсімдеу, құжаттарды растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану, сондай-ақ орындалған жұмыстар туралы жалған актілер жасау арқылы жүзеге асырылған. Сонымен қатар медициналық колледждің ақылы бөлімінде оқыған студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен білім алушылар ретінде рәсімделгені анықталды.Бұдан бөлек, "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі" іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін формалды құрылым ретінде пайдаланылған.Мемлекетке келтірілген жалпы залал 1,3 млрд теңгеден асты.Сот санкциясымен 3 пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, 3 тұрғын үйге және 3 автокөлікке тыйым салынды.Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, тағы үш тұлғаға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260427/azamattardyn-zheke-derekterin-kollektorlarga-satqan-qylmystyq-top-ustaldy-62997450.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, колледж, алаяқ
Шымкентте сотталушы жұмыс істемейтін колледжге студенттер қабылдау схемасын ұйымдастырған
09:17 12.05.2026 (жаңартылды: 09:22 12.05.2026) Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де байланысы бар тұлғалар қатысқан
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Шымкентте білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу амалдарына сай, 2018–2023 жылдар аралығында "Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ЖШС мен "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі" ЖШС құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған.
Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де байланысы бар тұлғалар қатысқан.
"Азаматтар оқу орындарына формалды түрде қабылданғанымен, іс жүзінде білім алмаған. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы және кадрларды қайта даярлау бағдарламалары аясында бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік берген", - деп жазылған хабарламада.
Схема жалған оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтарды рәсімдеу, құжаттарды растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану, сондай-ақ орындалған жұмыстар туралы жалған актілер жасау арқылы жүзеге асырылған. Сонымен қатар медициналық колледждің ақылы бөлімінде оқыған студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен білім алушылар ретінде рәсімделгені анықталды.
Бұдан бөлек, "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі" іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін формалды құрылым ретінде пайдаланылған.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 1,3 млрд теңгеден асты.
"Бір қызығы, схеманы ұйымдастырушы бұған дейін жасаған жымқыру фактісі үшін соңғы үш жыл бойы бас бостандығынан айыру орындарында бола тұра, заңсыз әрекеттерді сол жерден басқарған. Тергеу барысында күдіктілер 65 млн теңге көлеміндегі залалды ерікті түрде өтеген", - дейді агенттікте.
Сот санкциясымен 3 пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, 3 тұрғын үйге және 3 автокөлікке тыйым салынды.
Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, тағы үш тұлғаға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.