Шығыс Қазақстанда шахтада жұмысшы биіктен құлап, қаза болды

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлаған
Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында шахтада жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты.
Оқиға 9 мамырда "Шығыстүстімет" серіктестігінің Артемьев шахтасында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, қаза болған.

Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Тергеу жүріп жатыр.
Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына тиісті көмек көрсетіледі.
Бестөбеде шахтаға түскен ер адам тамаққа қақалып өлді