Мұнайдың әлемдік қоры рекордтық қарқынмен сарқылып жатыр - БАҚ

Мұнай қорының сарқылуы - бағаның одан әрі күрт өсуі мен тапшылық қаупін арттыруы мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр-Sputnik. Әлемдік мұнай қоры АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғыс қимылдары аясында рекордтық жылдамдықпен таусылып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
"Ирандағы жағдайға байланысты Парсы шығанағынан жанармай жеткізуге кедергі себебінен әлемдік мұнай қоры рекордтық жылдамдықпен таусылып жатыр. Осылайша жеткізілімге байланысты күйзелістен қорғайтын буфер таусылды", — делінген басылымда.
Басылым атап өткендей, мұнай қорының тез төмендеуі - бағаның одан әрі күрт өсуі мен тапшылық қаупін арттырады.
Таяу Шығыстағы соғыс пен Ормуз бұғазының блокадасы салдарынан әлемдік мұнай нарығына шамамен 1 миллиард баррель мұнай жеткізілмей қалды.
"Тауарлық - материалдық қорлардың күрт сарқылуы қақтығыс аяқталғаннан кейін де болашақ жеткізілімдерге кесірін тигізеді", - деп жазады агенттік.
ХВҚ мұнай бағасы Еуропа мен Азия үшін екі есе қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді