Фото

Адамның жабайы табиғатқа залалын сипаттайтын байқаудың жеңімпаздары анықталды - фото

Environmental Photography Award 2026 фотобайқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл суреттер адамның араласуынан жабайы табиғатқа келтірілген кері әсерді айқын көрсетеді.
Sputnik
Environmental Photography Award 2026 фотобайқауы планетамыздың экологиялық мәселелеріне арналған. Жабайы табиғаттың нәзіктігі мен адамның араласуының салдары қандай болатынын фотографтар сурет арқылы көрестті. Байқауда қандай жұмыстар жеңіске жткенін суреттер топтамасынан көіңіздер.
1 / 10

"Теңіз тасбақасындағы қол ізі". "Өзгеріс жасаушылар" номинациясындағы жеңімпаз. Суретте тасбақаның қабыршағындағы адам қолының ізі көрінеді.

2 / 10

"Коалалар сенің тежегіш басқаныңды күтеді". Бұл сурет "Көрермендер таңдауы" сыйлығын жеңіп алды. Сурет Австралияда коалалар үнемі тап болатын мәселені бейнелейді. Жануарлар жолдарды кесіп өтуге мәжбүр, бірақ бұл көбінесе жануарлар үшін қайғылы салдарға әкеледі.

3 / 10

"Полярлық аймақтар" номинациясында Вадим Махоровтың Ратманов аралынан қоныс аударып жатқан Тынық мұхиты морждарының фотосуреті жеңімпаз атанды.

4 / 10

"Полярлық аймақтар" номинациясында екінші орын фотограф Панос Ласкаракиске берілді. Ол арктикалық аймақта ақ аюды қонжығымен бірге суретке түсіріп алған.

5 / 10

Фотограф Шейн Гросс түсірген "Алтыннан да жақсы" деп аталатын бұл сурет "Мұхит" номинациясында екінші орынды жеңіп алды. Ол дауыл жақындағанға дейін таң қылаң берген шақта Даррос аралының жағалауындағы балықтар тобын бейнелейді.

6 / 10

Арно Фарренің "Сарқырамалар рухтары" атты жұмысы "Ормандар" номинациясында жеңіске жетті және Аргентина мен Бразилия шекарасында орналасқан Игуасу сарқырамасын бейнелейді.

7 / 10

Фернандо Фасиоле түсірген сурет "Адамзат табиғатқа қарсы" номинациясында жеңіске жетті. Суретте Бразилия билігінің браконьерлікке қарсы науқаны кезінде тәркілеген акула жүзбеқанаттарының жойылуы бейнеленген.

8 / 10

Бұл сурет "Адамзат табиғатқа қарсы" номинациясында екінші орын алды. Фотограф Индонезияның Джеруксари ауылында төрт жастағы қыздың су басқан көшеде құрбысымен бірге терезеде ойнап отырғанын түсірді.

9 / 10

Мод Делафлоттың "Жәндіктер, тұрақты болашақтың сәулетшілері" атты суреті "Өзгеріс жасаушылар" номинациясында екінші орын алды. Ол ғалымның сарбаз-шыбынының жұмыртқаларын жинап жатқан сәтін түсірген.

10 / 10

Екінші орынды фотограф Леса Хира-Пенджаби "Келесті тістеп жатқан тотықұс" атты суреті үшін иеленді. Суретте кесіртке тотықұстар ұя салған ағашқа өрмелеп шыққан кезде құстардың кесірткеге шабуыл жасап, тістей бастағаны бейнеленген.