АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Ресей мен Украина арасында әскери тұтқындармен алмасу үшін жобасын жасап, тізім дайындау керек, деді Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Ушаков бүгінде Ресей мен Украинаның қызметтері келісімдер аясында айырбас жасау үшін әскери тұтқындардың тізімдерімен белсенді жұмыс істеуі керек екенін атап өтті.
"Ол үшін тізім жасап, нақты адамдарды тауып, кейін келісіп, содан кейін барып қана физикалық алмасуды бастау керек. Мұның бәрі уақытты қажет етеді", - деді Ушаков РИА Новостидің журналистерінің сұрағына жауап бере отырып.